Қыздар командасы эстафетадан үздік алтылыққа енді

0

Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогының биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары жүлдеге іліге алған жоқ деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеп.

Кубоккезеңіндегі ең үздік нәтижені қыздар командасы тіркеді. 

Эстафетада (3000 метр) сынға түскен Әлия Ким, Анастасия Крестова, Әсел Тайшыманова мен Ольга Тихонова жалпы есепте алтыншы орын иеленді. 

Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы 9-шы сатыдан көрінді. Ал ерлер арасындағы эстафеталық бәсекеде біздің команданың жолы болған жоқ. Төрешілер ереже бұзғаны үшін спортшыларды жарыстан шеттетті.

Еске сала кетейік, Туриндегі әлем кубогы кезеңіне ұлттық құрама үздігі Абзал Әжіғалиев қатысқан жоқ. Ол аяғының жарақатына байланысты екі бірдей жарыстан сырт қалып отыр. 



Дереккөз: prosports.kz/kz