Алматы облысында 30 градус аяз күтіледі
6 -7 ақпан күндері аралығында түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал.
2019 жылғы 6-ақпан күні Алматы облысының кей жерлерінде қатты қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы Zakon.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
6 -7 ақпан күндері аралығында түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz