Алматы облысында тұрғын үйдің үш қабатында орналасқан балкондар өртенді
Қызыл жалынды сөндіру барысында 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 12-бала, тағы бір адам құтқарылды (1-топтағы мүгедек).
Талғарда тұрғын үйдің үш қабатында орналасқан балкондар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2019-жылы 6-ақпан күні сағат 12.39 Алматы облысының ТЖД Талғар қаласы, Қарасай батыр көшесі, 38 мекен-жайында орналасқан төрт қабатты үйдің 2-3-4 қабаттарындағы балкондардың жанып жатқандығы жайлы ақапарт келіп түсті. Өртті сөндіру барысында аталған үйдің 35 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды, оның 12-сі бала. Сонымен қатар бір адам құтқарылды (1-топтағы мүгедек). Қызыл жалын 12 сағат 47 минутта ауыздықталып, 13 сағат 11 минутта толықтай сөндірілді. Абырой болғанда жалын пәтер ішіне тарап үлгерген жоқ»,- делінген хабарламада.
Тілсіз жауды сөндіруге 10 өрт сөндіруші маман мен 3 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Жалын 3 балконды қосқанда 35 шаршы метр аумақты шарпыған.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz