Алматылық белсенді Асхат Берсалимов көп балалы аналарды қолдап пикетке шықты

0

[ad_1]

11 ақпанда Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументінің алдында қоғам белсендісі Асхат Берсалимов бір адамдық пикет өткізді. Ол көп балалы аналардың билікке талабын қолдайтынын білдірді және Қазақстан түрмесінде отырған саяси тұтқындарға бостандық беруді талап етті.

Белсені алаңға ұстап шыққан плакатта Қазақстанда билік қылмыстық іс қозғап, жауапқа тартқан Бәкиза Халелова, Абловас Жұмаев, Айгүл Ақберді, Алмат Жұмағұлов, Макс Боқаев, Ескендір Ерімбетов, Мұхтар Жәкішев, Кенжебек Әбішев пен Әсет Әбішевтің фотосуреттері болды. Осылардың ішінен таяуда Айгүл Ақберді ғана сотталмай ақталып шыққан. Өзгелеріне сот үкімімен әртүрлі мерзімге жаза тағайындалған.

Асхат Берсалимовтің сөзінше Қазақстанда бұдан өзге де бір топ саяси тұтқын бар. «Олардың барлығы да саяси себептермен қудаланған, шын мәнінде жазығы жоқ адамдар» дейді белсенді.

Берсалимовтің жалғыз адамдық пикеті шамамен 15 минутқа созылды. Акциясын смартфон арқылы әлеуметтік желіде тікелей эфирде таратқан ол кез келген сәтте полиция келіп, алып кетуі мүмкін деп қауіптенетінін білдірді.

Бұған дейін осыған ұқсас акциялар үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған Асхат Берсалимов полиция алаңнан ұстамаса да кейін үйінен алып кетіп, әкімшілік жазаға тартуы мүмкін екенін айтты.

Алматылық полиция қызметкерлері жалғыз адамдық пикет өткен жерге келіп жеткенде белсенді алаңнан кетіп қалған еді.

[ad_2]

Азаттық