Мотивациядан айырылып қалу себептері — Мотивация — Bilim

0

Әрдайым құлшынып тұру кыйын, өйткені бұл саналы түрде күш салуды талап етеді. Өткенің мен болашағың туралы ойлар келе беріп, нақты осы шаққа көңіл бөлуге және өзгертуге болмайтын нәрселер үшін алаңдамауға кедергі қылады. Оның үстіне әрбір адам ерте ме-кеш пе, әйтеуір бір күні психологиялық орға түседі. Міне осы ордан шыға алудағы икемділік орташа адамды ұлы адамнан ерекшелейді. Егер сіз өзіңізді мотивацияландыра алсаңыз, ағынның ыңғайына көніп жүре беретін адамнан көбірек және жақсырақ нәтижеге жетесіз.

Мотивацияны иелену оны ұстап тұрудан әлдеқайда оңай. Өзіңді белгілі бір қам-қарететке кірісетіндей күйге келтіру үшін, кейде, бірнеше минуттың өзі жетіп жатыр. Ал сол мотивацияны ұзақ уақыт бойы ұстап тұру қыйынның қияметі.

Біздің мотивациядан айырылып қалуымыздың үш себебі бар:

1. Бойдағы сенімділіктің жетіспеушілігі. Мақсатқа жетуге болады деген сенім болмаса, тырысудың қандай мәні бар? 

2. Фокустың жеткіліксіздігі. Не нәрсеге қол жеткізу керек екені түсініксіз болса, қажет нәрсені істеп жатқаныңды қалай білуге болады?  

3. Бағыт-бағдардың жетіспеушілігі. Нақты не істеу керектігін білмесең, өзіңді белгілі бір қам-қарекетке қалай мотивациялайсың?  


Енді жағдайды қалай өзгертуге болатынын көрейік.  

Өзіңе деген сенімділікті қалай арттыруға болады? 

Сенімсіздік — мотивацияның ең басты дұшпаны болуы мүмкін. Бұндай жағдай басыңызға келген кезде өміріңізде қазірдің өзінде не бар екенін түйсіне отырып, нені шынымен-ақ қалайтыныңызға көңіл бөліңіз. Дәл қазіргі сәтте баспаныңыз, ішетін суыңыз, жейтін тамағыңыз, жақын адамдарыңыз бар екенін білудің өзі — проблеманың жартысының шешілуі. Енді, өтіп кеткен қателіктер мен сәтсіздіктерге байланып қалмай, қолда бардағыдан көбірекке қол жеткізу жайында ойлану керек. Тегінде, түнекте қалған откен шақ туралы ойлар өзіңе деген сенімділіктің астаң-кестеңін шығарады.

Басқа кісілер мен компанияларды көре алмағанша, олардың табыстарынан үлгі алып, шабыттаныңыздар. Көре алмаушылық пайда бола салысымен бірге біреудің жемтігі болу синдромы да дами бастайды. Сіз бірнәрсе туралы басқалардан жаман ойлап, басқалардың жетістігін төмендеткіңіз келіп тұратын болады.  Ұлы адамдардың табысынан шабыттану — мотивацияны сомдап және дұрыс ойланып, өзіңді жетілдіріп отырсаң, бәріне қол жеткізуге болатынын түсінетін тамаша тәсіл.

Бірнеше тізім: өзіңіздің мықты жақтарыңыздың, бұрынғы табысты істеріңіздің, қазіргі сәттегі нақты заттарыңыз бен болған жағдайлардың тізімдерін жасап шығыңыз. Қолыңыздан келетіні анық нәрселерді істеңіз. Бұл сізді позитивті, проактивті ойлау күйіне түсіріп, негатив туралы ойлатқызбайды.  

Ауыз толтырып айтарлықтай фокусты қалай жасау керек? 

Өзіңіздің жаныңыз қалайтын нәрсе туралы ойлаудың орнына көңіліңіз қаламайтын нәрсеге көңіл бөлуіңіз жиі болып тұра ма?  

Қалыпты жағдайда біз қорқыныш тұрғысынан ойлап тұрамыз. Кедейліктен, жалғыздықтан, қадіріміздің қашуынан қорқамыз. Бұлай ойланудың кемшілігі сол, ондай кезде қарекет етуге зауқымыз соқпай, тек қорғанғымыз келіп тұрады. Сәйкесінше мотивация турасында айтудың  өзі артық.

Егер сіз қорқыныш призмасы арқылы ойлайтын болсаңыз, негізгі күшті мақсатыңызға салу алғашқы қадамыңыз болуы керек. Нақты мақсатты айқындап алған соң қам-қарекетті бастау оңай болады.  

Кедей болып қалу үрейі адамның ешқандай әрекет қылмай қоюына апарып соғып, қалыптасқан жағдайға көндігуіңізге мәжбүрлейді. Бай адам болудын жоспарын жасау сізді ондай адам қылмауы да мүмкін, бірақ үрей-қорқынышқа емес, мүмкіндіктерге назар салуыңызға мәжбүрлейді.  Бұл өздігіңізден оқып-білу, қажетті дағдыларға машықтану және өзіңізді жетілдіру туралы ойлануға мүмкіндік береді. Кепілдікті ешкім бермейді, бірақ мүмкіндіктеріңіз еселеп артады. Оның үстіне сіз дұрыс нәрселермен айналыса бастап, уақытыңыз бен күш-қайратыңызды керексіз істер мен ойларға жұмсамайтын боласыз.  

Бағыт-бағдарды қалай белгілеп алуға болады? 

Сіз өзіңіз жүріп отыратын бағытты таңдап аласыз. Егер фокус дегеніміз түпкі мақсатты білдірсе, бағыт — сол мақсатқа жету үшін әр күнге арналған стратегияны білдіреді.  

Белгіленген бағыттың жоқтығы мотивацияны түп-тамырымен құртады, өйткені келесі қадамның қандай болатынын түсінбеушілік прокрастинацияға апарып соғады. Өзінің блогын жазумен айналысуды ұйғарған және уақытының көбін басқа кісілердің блогтарын оқуға жұмсайтын адам үйреншікті мысал бола алады. Бұл маңызды үдеріс, алайда тек қана оқи беру еш пайда бермей, тек еріншектіктің сылтауы болатын уақыт та келеді.  

Сондықтан, ең әуелі, табысқа кенелтетін (немесе кенелтпей қоятын, ешкім біліп болмайды) қам-қарекет түрін айқындап алу қажет. Бұл тұста бастысы — қандай қадамдарыңыздың дұрыс, қандай кадамдарыңыз бұрыс болатынын байқап-бағамдап отыру.  

Блоггер болғысы келетін адамға ол қадамдар мыналар болуы мүмкін:

1. Контент жазу.

2. Өзекті болып тұрған тақырыптарды зерделеу.

3. Өзге блоггерлермен танысып алу.

4. Сайтты оңтайдандыру және дизайнын жасау.

5. Жазылған комментарилерге жауап беріп отыру.

6. Басқа блогтарды оқып отыру.

Егер сіз мотивацияңыз азайып бара жатқанын сезсеңіз, жалпы жағдайға қарай қам-қарекет жоспарын жасап, келесі қадамыңыз қандай болмағын біліп алуыңыз қажет. Оны нақты қалай жүзеге асыруды білудің де маңызы зор.

Мотивациясы “ұрып” тұрған адамдар істеп жүргендерін не үшін істеп жүргендерін ойынан шығармай, әр ісінің үдерісінен ләззат алады. Жоспарыңыз қанша қадамнан тұрмасын, әр қадамыңыздың мәні жайлы ойлай жүріңіз.  

Кей кездері мотивация жоқ болып кетіп тұратынын естен шығармаңыз, бұл болмай қалмайтын үдеріс. Бірақ, тәртіп пен жігеріңіз оны қайтаруға көмектеседі.

Сәттілік жолдас болсын!

Оқуға кеңес береміз: Жалқаулықты жеңудің ең жақсы әдісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Дереккөз: bilim-all.kz