Апта: |
Күні: |
Сабақ: қазақ тілі |
Сабақ тақырыбы: |
Менің сөмкем. |
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
|
Жаңа заттық атауға қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тілдік коммуникация құру. Қазақ тіліне ғана тән Ө дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау. Тақырыпқа қатысты меншіктік форманы қайталау. Оқушылардың сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеу арқылы тілтанымдық ойларын қалыптастыру. Әдеби норманың орындалуын қадағалау арқылы сөз әдебіне және әдепті сөйлеуге тәрбиелеу. |
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері. |
Жетістік критерийлері |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түсіп, затты сипаттай алады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): өз бетімен диалог құра алады, қарапайым үлгілерді пайдаланып, тақырып көлемінде этикеттік оралымдарды қолданады. |
Негізгі түсініктер: |
Сөмке, менің сөмкем, сенің сөмкең, оның сөмкесі. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, смайликтер, тұсаукесер, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастер, маркерлік тақта, маркерлер, кесте, қимақағаздар. |
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі, желімқағаз, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Қай зат артық?», «Менің сөмкемде не бар?» дидактикалық ойындар, жұптық жұмыс, сергіту сәті (синквейн құрастыру) . |
Дереккөздер: |
Сөздік, дидактикалық материалдар, әдістемелік құрал, «Қазақ балалар кітапханасы» көптомдығы. |
Тапсырмалар: |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, өлең жолдарын оқиды: -Сәлем, саған алтын күн!-Сәлем, саған көк аспан!-Сәлем, саған мектебім!-Сәлем, саған Қазақстан! Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады. |
Оқушылар мұғаліммен қайталайды. Өлең сөздеріне қатысты бір-біріне жақсы тілек айтады. — Қайырлы күн, достым! Әр күннің сәттілікке толсын! Бүгінгі алған бағаң, кілең бестік болсың! |
|
Үй тапсырмасы |
Үй тапсырмасын тексереді. Қателіктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. -Бұл ненің суреті? -Қоянның суреті қандай? -Бұл кімнің суреті? -Атамның суреті қандай?…. |
Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
І Қызығушылықты ояту |
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбына назарын аудару мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды. —Балалар, сендердің сөмкелерінде не бар? Сипаттап айтып беріңдерші!(Қалам, кітап, дәптер, күнделік, қарындаш, сызғыш, өшіргіш) |
Оқушылар сөмкелерінде қандай оқу құралдары бар екеніне жауап береді, оларға сипаттама береді. |
ІІ Мағынаны тану |
1.Балалар, сөмке – оқушының басты құралы. Сендер оған күнделікті оқитын кітаптарыңды, оқу құралдарыңды саласыңдар. Ал, енді осы сөмке туралы Б.Әділовтың «Сөмке» әңгімесін оқып берейін. Мұғалім әңгіменің желісі бойынша сұрақ қояды. — Әңгімеде ө дыбысы бар қандай сөздер кездесті? (сөмке, көйлек, бөрік, көрші, бөлме)-Қалай ойлайсыңдар, кейіпкердің інісі дұрыс істеді ме? Мұғалім оқушылардан сөздердің аудармасын сұрайды. Білмеген сөздердің аудармасына түсінік береді. 2.Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тұсаукесердегі тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Ө дыбысының дұрыс айтылуын қадағалайды, оқушылардың тілдерін жаттықтырады. |
Тыңдалым. Айтылым. Тілдесім. Оқушылар әңгімені тыңдайды. Қазақ тіліне ғана тән ө дыбысы бар сөздерді қайталайды. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді. Жазылым. Сөздердің аудармасын сөздік дәптеріне жазады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуына байланысты жаттығу жүргізеді.
|
|
3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Оқулықтағы тілдесімге байланысты 1-3 тапсырмаларды орындатады.1) -Суретке қара, сұрақтарды толықтыр. -Бұл (сөмкенің суреті). -Менің сөмкем (қара). -Бұл – (қаламның суреті). -Қалам…… -Бұл – (қарындаштың суреті). -Қарындаш……. 2) Диалогті толықтыр. — Сәлем, Марат. — Сәлем, Анар. — Мынау не? — Бұл –……… (сөмке)— Қандай сөмке? — …. сөмке.(Қара, көк, қызыл ) — Кімнің сөмкесі? — ……… сөмкем, сөмкең, сөмкесі. (Менің, сенің, оның)— Сау бол, Марат. — ………., Анар. 3) Суретке қарап, сұрақтарға жауап бер. — Бұл кім? — Бұл ……— …… сөмкесі қандай? — Оның …..— Оның сөмкесінде не бар? — Оның сөмкесінде ……,….бар. |
Тілдесім. Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді. Жұпқа бөлініп, диалог құрайды. |
|
4. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?» Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтарды араластырып қояды. Сөмкеге оқу құралдарын жинатып, артық заттарға сипаттама бергізеді. |
Оқушылар сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атайды. |
ІІІ. Ойтолғаныс |
Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Менің сөмкемде не бар?» ойынын ойнатады. Оқушылардан өз сөмкелеріндегі әр затты сипаттап беруін сұрайды.-Менің сөмкем қызыл.(ауыр, жеңіл) -Менің сөмкемде …,….,…… бар.-Сенің сөмкең қара.(таза, лас) -Сенің сөмкеңде …, …., ……бар. |
«Менің сөмкемде не бар?» ойынын ойнайды. Сөмкелеріндегі әр затты сипаттайды. |
ІV Бекіту |
1.Мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін «Адасқан әріптер» блиц-ойынын ойнатады. Мұғалім сыныптан тақтаға әріптері ауысып кеткен бірнеше тіркестерді жазады. (малақ , ғазқа, дашрынқа, тердәп, кеөсм, патік, гішрішө) — (Қалам, қағаз, қарындаш, дәптер, сөмке, кітап, өшіргіш)2. Жазу дәптерімен жұмыс. А) Өө әріптерін жазу.Б) Қажетті суретті жапсыру. — Мынау – сөмке. В) І жақтың тәуелдік жалғауымен жұмыс. Менің сөмке + м (жасыл). Менің сөмке + м (қызыл). Менің сөмке + м (көк). |
Орны ауысқан әріптерді табады, сөздерден сөз тіркестер мен сөйлемдер құрайды. |
V Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім қорытынды бағаны оқушылардың өз-өзін бағалауына қарап қояды. |
«Бағдаршам» үлгісі бойынша бағаланады. |
|
VІІ Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 4 — тапсырма (қ, ы, а, м, ғ, н, з, р, ө, р, к, ш,л) – (қаз, қалам, шар, қыз, көл, қол, қар….) |
Тапсырманың шарты бойынша әріптерден сөз құрайды. |
VІІІ Рефлексия |
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді. |
Оқушылар сабақтан алған әсерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі. |