Сайттың негізгі беттері | Скачать Дипломдық жұмыс

0


Мазмұны

Кіріспе 9
1 Жалпы жағдай 11
1.1Жұмысқа қойылатын жалпы талаптар 11
1.2Жұмысқа қойылатын нақты талаптар 15
1.3Веб-сайт туралы жалпы түсінік 16
2 Қолданылған бағдарламалық қамтама 19
2.1Apache веб-севері 19
2.2PHP және PHPMyAdmin 22
2.3MySQL сервері 28
2.4Drupal сайтты басқару жүйесі 31
2.5Drupal-ды Denwer webserver-не орнату 37
3 Интернет-аптека сайтын құру жолдары 40
3.1Басты және қосымша беттердің негізгі блоктарын анықтау 40
3.2Модульдік торапты құрастыру 40
3.3Безендіруді құрастыру 40
3.4Сайтты толықтыру, верстка және сынақтау 41
3.5Пайдаланушыға нұсқаулық 41
3.6Администраторға нұсқаулық 46
4 Экономика бөлімі 50
4.1Жалпы жағдай 50
4.2Экономикалық есептер 54
5 Еңбек қорғау бөлімі 64
5.1Зинды және қауіпті факторлар 64
5.2Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы 64
5.3Экономикалық есеп. Шу және дірілден қорғану 73
Қорытынды 76
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 77
А қосымшасы. Техникалық тапсырма 78
Ә қосымшасы. Бағдарламаның мәтіні 84

Кіріспе

Компьютерлік ақпараттық жүйелері және телекоммуникациялық
технологиялардың дамуы жаңа экономикалық қызмет түрiнiң құрастыруларына
алып келді — электрондық коммерция, немесе электрондық кәсiпкерлiк.
Электрондық кәсiпкерлiк кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк процестердi
компьютерлендiруi, сату және тауарлар мен қызметтердiң үлестiрiлуi арқылы
едәуiр дәрежеде iске асырылған ерекше формасы болып табылады.Сондықтан
электрондық коммерция жайлы казіргі кезде көп нарсе айтылып жатыр. Бiрақ
көпшілікте электрондық коммерция жайлы түсініктері аз болып келеді.
Электрондық бизнес — бұл пайда жасау мақсатында iшкi және сыртқы
байланыстарының өрнектеуi үшiн глобалдi ақпараттық желдердi мүмкiндiгінше
қолданушы, кез келген iскерлiк белсендiлiк.
Интернет кәсіпкерлік уақыт өте біздің өмірімізге көптеп кіруде.
Бизнесті жүргізудің жаңа түрлерін ашады, сондықтан көптеген компаниялар
өздерінің айтарлықтай бөліктегі бизнестерін интернетке өткізіп жатыр.
Коммерцияның интернетi электрондық құрылғылар көмегiмен бизнес —
транзакциялардың өткiзудiң әдiстерiнiң жиынын құрайды.
Интернет-кәсiпкерлiктiң үш негiзгi белгiлi үлгiлерi бар: B2B, B2C және
С2С. B2B үлгiсі(Business-to-Business) — серiктестiктермен және
жабдықтаушылардың, өндiрушiлермен және дүкеншiлердiң арасындағы байланысы
және т.б.. B2C үлгiсi(Business-to-Customer)- кез — келген тұлғаға қызмет
түрлерiн ұсынуы немесе түпкi тұтынушыға тауарлардың сатылуын көрсететін
байланыс. С2С үлгiсі(Customer-to-Customer) — онлайнды аукциондағы заңды
тұлғардың арасындағы іскерлік қатынастар. Интернет-дүкен B2B немесе B2Cтiң
схемасы бойынша жұмыс істейді.
Зерттеудiң өзектiлiгi электрондық кәсiпкерлiк қолдану төрт негiзгi
кезеңi болатын ұғындырылады: маркетинг, өндiрiс, сату және төлемдер,
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар және жүйелердiң қолдануының
дәрежесi кәсiпкерлiк бойынша электрондық болып есептеле алатын шарамен
қызмет көрсетедi. Дәстүрлi кәсiпкерлiк:
– кәсіпкерлікті талдау(BI – Business Intelligence);
– тұтынушымен қарым қатынасты басқару(CRM – Customer Relations
Management);
– жабдықтауды тiркестерiмен басқару(SCM – Supply Chain Management);
– білімдерді басқару(КМ – Knowledge Management).
Бұл процесс электрондық кәсiпкерлiкте ақпараттық технологиялардың
құралдарымен жүзеге асырылады.
Ең алдымен, зерттеудiң мәселесiмен ақпараттық технологиялардың
дамуымен анықталады, және компъютер желiлерi, әр түрлi тауарлар және
қызметтер және олардың сатып алушылары және тұтынушылармен (дүкеншiлермен )
өндiрушiлердiң арасындағы байланысуларды жоғары деңгейлi жүзеге асырып,
мақсаттық нарықты өте дәлелдi анықтауға мүмкiндiк бередi, тауарлардың
өндiрiсiн уақытында ұйымдастырсын, бөлу жүйесiн жетiлдiре алды.
Онлайн коммерцияның дәстүрлі коммерсиядан өте жақсы айрмашылықтарын
айтып өтуге болады:
– континенталдық, уақыттық және тілдік тосқауылдардың жоқтығы,
тауарлар мен қызымет түрлерін жаңа нарыққа шығаруға мүмкіндік
береді;
– өндiрiс шығыны және үндеудiң айтарлықтай төмен денгейі,
компанияның барлық салалар түрлеріне жаңа техналогияларды
енгізуге мүмкіндік береді;
– дүкендердің ара қашықтығы тышқанның бір батырмасы болғандықтан
бәсекелестіктің жағары денгейі;
– электрондық дүкеннің дәстүрлі дүкеннен айырмашылығы
тауаплардың потенциялды сыйымдылығы жоғары болып табылады;
– интернен кәсіпкерлік өзіне – интернет дүкен, биржаларды және
делдалдық онлайн аукциондарды, компаниялардың тауарларын
жарнамалау қосады. Интернет кәсіпкерлік тұтынушыларға жаңа
мүмкіндіктерді, тауарлар түрлерін ұсынады.
Бөлшек немесе көтерме саудамен шұғылданатын фирмалар үшiн жақсы шешiм
өз интернет-дүкенiн жасау болып табылады.
Бұл дипломдық жобаның максаты инетернет дүкенді құру яғни Интернет
аптека, интернет-дүкендi эргономиялық дизайнның жасауы, интернет
желісіндегі жаңа электрондық жүйелердің түрлерін, кейбiр төлеу жүйелерiмен
интернет-дүкендi өзара әрекеттесудi iске асыру, интернет-дүкенге төлемдерi
қорғаудың негiзгi құралдарының зерттеуi онлайн жүзеге асыру. Бұл дипломдық
жобада мақсатқа жету үшін, друпал технологиясын және PHP -да жасалған, ал
мәліметтер базасы үшін MySQL қолданамын.

1 Есептің қойылымы

1. Зерттеу объектісін талдау

Сайт төменде көрсетілген Тапсырыс беруші мен Орындаушы
спецификациясының сәйкестігінде жобаланады.
Сайт беттері PHP 5 программалау тілінде қоспалардың қолдануымен HTML –
беттер түрінде, қоспалардың көлемі – орындаушының қалауына қарай
орындалады.
Бағдарламалаудың парадигмасы – орындаушы қарауы негізінде объектті-
бағытталған программалау және құрылысты программалау. Қажеттілігінше,
программалаудың басқа тілдері Клиенттің келісуі бойынша қолданылады. Сайт
тілі – қазақ, орыс тілдерінде көрсетілген.
Сайттың барлық парақтарының жоғарғы бөлімін Клиенттің жақсы көрінетін
логотипі (фирмалық белгісі), слоган (фирма ұраны) және қордың мекен жайы
(URL) құрайды.
Төменгі бөлімде оның авторлығына қысқаша нұсқау және орындаушының URL
сайтына сілтеме орналасқан.
Жоба қиындығына байланысты сайт жасау уақыты екі аптадан екі-үш айға
дейінгі орынға ие болады. Веб-сайт хостингі және домендік атты тіркеуі
орындаушыға ұсынылады.
Игеруді тағайындау.
Сайт жұмыстарының бірінші кезеңде басты мақсаты сайттың статикалық
және динамикалық аспектісін құру болып табылады.
Сайтты құру мақсаты жалпы ашылып жатқан медицина жаңалықтарын,
денсаулыққа пайдалы заттарды, дәрі – дәрмекті оңай және жылдам тауып
тапсырыс беруге көмек ретінде құрылған веб-сайт.
Сайт концепция бойынша былайша құрылуы тиіс: торап пайдаланушысы
ондағы орналасқан материалдарға ең алдымен туылған сұрақтарға белсенді
жауапты, айқын шешімдерді және берілген дәріқағаз бойынша іздеу нәтижесінде
қатынау мүмкіндігі болуы керек (1(.

1.1.2 Сайттың негізгі беттері

Сайт әрлендірілуі орындаушымен толық игеріледі. Парақтармен жылдам
ауыса арналған навигация жүйесі қарастырылған.
Бұл жобада үш негізгі беттерден қарастырылған:
ә) Гланая страница;
а) Новости;
б) Каталог.
Гланая страница беттінде жалпы саттағы мәліметтерді және дәрі-
дәрмектерді қалай іздеп, тапсырыс берудің жолдарын көрсетілген, оны 1.1 –
суретінен көруге болады.

Сурет 1.1. Главная страница беті

Сайттың барлық парақтарының жоғарғы бөлімін Клиенттің жақсы көрінетін
логотипі (фирмалық белгісі), слоган (фирма ұраны) және қордың мекен жайы
(URL) құрайды.
Төменгі бөлімде оның авторлығына қысқаша нұсқау және орындаушының URL
сайтына сілтеме орналасқан.
Жоба қиындығына байланысты сайт жасау уақыты екі аптадан екі-үш айға
дейінгі орынға ие болады. Веб-сайт хостингі және домендік атты тіркеуі
орындаушыға ұсынылады.
Игеруді тағайындау.
Сайт жұмыстарының бірінші кезеңде басты мақсаты сайттың статикалық
және динамикалық аспектісін құру болып табылады.
Сайтты құру мақсаты жалпы ашылып жатқан медицина жаңалықтарын,
денсаулыққа пайдалы заттарды, дәрі – дәрмекті оңай және жылдам тауып
тапсырыс беруге көмек ретінде құрылған веб-сайт.
Сайт концепция бойынша былайша құрылуы тиіс: торап пайдаланушысы
ондағы орналасқан материалдарға ең алдымен туылған сұрақтарға белсенді
жауапты, айқын шешімдерді және берілген дәріқағаз бойынша іздеу нәтижесінде
қатынау мүмкіндігі болуы керек.
Новости бетінде жалып формацептика ортасында болып жатқан
жаңалықтар жайлы мағұлмат алуға болады. Мысалы: әлемеде шығарылып жатқан
дәрі дәрмектер; Қазақстан Республикасының формацептикаға арналған заңдар
тізімі; және де басқада жаңалықтарды білуге болады,оны 1.2 – суретінен
көруге болады.

Сурет 1.2. Новости беті

Каталог бетінде дәрі-дәрмектер жайлы толық мағұлмат берілген атап
айтсақ оның көрсеткіштері, суреті, бағасы көрсетілген. Бұл бет сайтта
тапсырыс берудің негізгі ортасы болып табылады, оны 1.3 – суретінен көруге
болады.

Сурет 1.3. Каталог беті
1.1.3 Сыртқы интерфейске қойылатын талаптар

1.1.3.1 Пайдаланушылық интерфейстер

Сайт әрлендірілуі орындаушымен толық игеріледі. Парақтармен жылдам
ауыса арналған навигация жүйесі қарастырылған.
Бұл жобада үш пайдаланушылық интерфейс қарастырылған:
а) тіркелмеген пайдаланушыларға арналған интерфейс;
ә) тіркелген пайдаланушыларға арналған интерфейс;
б) администраторға арналған интерфейс.
Тіркелмеген пайдаланушыларға арналған интерфейсте тек жалпы сайт
мазмұны бойынша қарапайым іздеуге мүмкіндік берілген.
Тіркелген пайдаланушыға арналған интерфейсте тіркелмеген
пайдаланушылар интерфейсінің мүмкіндіктеріне қосымша келесідей мүмкіндіктер
қосылған:
– форумды қарау, жазу, жаңа тақырыптар құру;
– сауалнамалар құру;
– жеке бетті құру;
– жеке хабарлар жіберу;
Администраторға арналған интерфейсте сайтта бар мүмкіндіктердің
барлығы рұқсат етілген, былайша айтқанда администратор мүмкіндіктері бұл
жоба аумағында шексіз. Ерекше атап кететін жайттар:
– сайттың жоғарғы бөлімінде навигацияның кеңейтілген түрі;
– сайттағы өзгерістерді басқару;
– тіркелген пайдаланушыларды растау және т.б.

1.1.3.2 Программалық интерфейстер

Серверлік программалы компоненттер:
а) Windows 2000 Server операциялық жүйесі;
ә) ДҚБЖ MySQL 5 Server 5.0;
б) Apache HTTP Server 2.0;
в) PHP 5.1.4 гипермәтін процессоры;
г) Drupal 6.19 сайтты басқару жүйесі.
Клиенттік программалы компоненттер:
а) Windows 2000XPVista операциялық жүйесі;
ә) Internet Explorer 7 (Mozilla Firefox,Opera).

1.1.3.3 Коммуникациялық интерфейстер

Пайдаланушылардың компьютерлерінде интернетке қатынауға бар модем
құралдары немесе жылдамдығы 100 Мбс кем емес желілі карта болуы тиіс.
Сервер мен клиенттерді байланыстыратын TCPIP протоколы қолданылады.

1.1.4 Жалпы жады бойынша қойылатын талаптар

Серверлік және клиенттік машиналар үшін жалпы жады бойынша қойылатын
талаптар, оларда орналасқан жұмысқа қажетті программалық компоненттердің
қойылатын талаптармен анықталады.

1.1.5 Программалық кешеннің бейімделуі бойынша талаптар

Программалық кешен Windows 20002003 ServerXP Vista платформаларында
жұмыс істеуі тиіс, бұл немесе басқа платформаларды қолдануда қажетті
программалық компоненттер ыңғайлы орнатылуы керек.

1.2 Жұмысқа қойылатын нақты талаптар

1.2.1 Функционалды талаптар

Веб-сайт орындалуы үшін мына талаптар орындалу керек:
а) браузерлердің барлық таратылған нұсқаларында ыңғайлы түрде
суреттелуі;
ә) үлкен трафик кезінде тиімді жұмыс жасауы;
б) келесі мүмкіншіліктердің орындауын қамтамасыз ету:
1) кері байланыс механизмі;
2) техникалық сүйемелдеу;
3) әкімшілік модульмен (контентпен) басқаруы;
4) іздеудің кеңейтілген жүйесі және сайт бойынша навигация.

1.2.2 Функционалды емес талаптар

1.2.2.1 Өнімділік

Web-парақтарды жүктеудің орташа уақыты қосу жылдамдығы 28.8 Кбитс
кезінде 30с аспауы керек. Бөлек парақтардың жүктелу уақытының артуы 35с-қа
дейін рұқсат етіледі, бірақ сайт парақтарының жалпы санының 30 пайызынан
көп болмауы керек. Басты парақтың жүктелу уақыты 40с-тан аспауы керек.
Ескерту: барлық жағдайда жүктелген элементтердің (есепшілер,
баннерлер, информерлер және т.б.) жүктелу уақыты есептелмейді.
Жүйе сервердің максималды жүктелуі кезінде және кез-келген операциялық
жүйелерде тиімді жұмыс істеуі тиіс. Көрсету және іздеу жүйелері үлкен
көлемдегі мәліметтермен жұмысқа ықшамдалған болуы керек.

1.2.2.2 Сеніміділік

Жүйе пайдаланушылардың сенімді тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етіп,
олардың кез-келген ісіне тоқтаусыз қызмет түрін көрсетуі керек.
Жүйе бірнеше клиенттік түйіндер қосылған кезде тиімді жұмыс істеуі
тиіс және клиент-компьютерлер мен сервер-компьютердің синхронизациясын
қамтамасыз етуі керек.

1.2.2.3 Қателердің өңделуі

Жүйедегі барлық қателар өңделуі тиіс және қателер туралы хабарлар
пайдаланушылар қабылдай алатын түрде көрсетілуі керек. Хабарлау жүйесінде
пайдаланушылардың мүмкін емес әрекеттерін, ақпарат енгізудің қате үлгілерін
іске асыру керек.

1.3 Веб-сайт туралы жалпы түсінік

Веб-сайт немесе сайт (ағыл. website, web – өрмек және site – орын) –
ол HTTPHTTPS протоколды арқылы қолжететін интернетте бір немесе бірнеше
веб-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ түпкі адреспен, сонымен қатар,
әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымыымен, авторымен және бет
келбетімен біріккен. Барлығына қол жететін сайттар жиынтыығы дүниежүзілік
өрмекті құрады.

1.3.1 Веб-сайт тарихы

Дүние жүзіндегі ең бірінші сайт 6 тамызда 1991 жылы пайда болды. Оны
құрушы Тим Бернес-Ли сол сайтта HTTP деректерді жіберу протоколдарына URI
адресация жүйесіне және HTML гипермәтіндік өлшеуіш тіліне негізделген
WorldWideWeb технологиясы жайлы ақрпаратты орналастырған. Сонымен қатар
сайтта серверлер мен браузерлерді орнату принциптері мен жұмыстары туралы
жазылды. Сайт дүние жүзіндегі ең бірінші интернет-каталог болып саналды,
себебі Тим Бернес-Ли кейінірек онда басқа сайттарға сілтемелер орнатты.
Бірінші сайттың жұмыс істеуіне қажетті құралдарды Бернес-Ли 1990
жылдың аяғында дайындаған болатын. Соңында, WorldWideWeb веб-редактор
функционалы бар алғашқы гипермәтіндік браузер NeXTcube негізінде алғашқы
сервер және алғашқы веб-беттер пайда болды. Вебтің құрушысы гипермәтін
деректерімен алмасу жүйелеріне негіз бола алады деп есептеп, өз ойын
орындады. 1980 жылы Тим Бернес-Ли гипермәтіндік Enquire программалық
қамтамасын құрды, ол деректерді сақтау үшін кездейсоқ ассоцияцияларды
(біріктірулерді). Содан кейін Женевадағы Еуропалық ядролық зерттеу
орталығында (CERN) ол әріптестеріне бір-бірімен гиперсілтемелерімен
біріккен гипермәтіндік құжаттарды шақыруға ұсыныс берді. Бернес-Ли ішкі
іздеу құралына және құжаттарға, сонымен қатар интернеттің жаңалықтар
ресурстарына гипермәтіндік қол жеткізу мүмкіндігін көрсетті. Нәтижесінде
1991 жылдың мамыр айында CERN-де WWW стандарты бекітілді.
Тим Бернес-Ли вебтің HTTP, URIURL және HTML бастауыш
технологияларының құрушысы болып саналады (бірақ бұл ойлар 40-жылдары
көрініс тапқан). Бүгінгі күні Тим Бернес-Ли интернет стандарттарын құратын
және ендіретін Дүниежүзілік өрмек, Консорциумының (World Wide Web
Consortium) басшысы болып атбылады.
Құрылғы. Сайт беттері – HTML тілінде өлшенген мәтіннен тұратын
файлдар. Бұл файлдар пайдаланушымен оның компьютеріне жүктелгеннен кейін
браузермен өңделеді және оның бейнені көрсету құралында көрініс табады
(монитор, ҚДК (қалталық дербес компьютер) немесе принтер). HTML тілі
мәтінді өзгертуге, ондағы функционалды элементтерді бөліп қарастыруға,
гиперсілтемелер құруға, көрмсетілетін бетке сурет, басқа да мультимедиялық
элеметтерді орнатуға мүмкіндік береді. Беттердің көрсетілімін оған CSS
тіліндегінемесе JavaScript тіліндегі (скрипттік тіл) стильдер кестесін қосу
арқылы өзгертуге болады.
Сайттың бетері тек файлдар жиынтығынан тұруы мүмкін немесе серверде
сайт қозғалтқышы деп аталатын арнайы компьютерлік программа арқылы құрылуы
мүмкін. Қозғалтқыш бөлек сайт үшін арнайы орындалуы мүмкін немесе кейбір
сакйт кластарына арналған дайын өнім ретінде болуы мүмкін. Кейбір
қозғалтқыштар сайттың құрылымын реттеуге, ақпаратты сайтта орналастыруға
мүмкіндік береді. Мұндай қозғалтқыштар мазмұнды басқару жүйелері деп
аталады.
Қауіпсіздік. Мәні жоғары ресурс болып табылатын көптеген сайттар бар.
Бұл ресурстарда пайдаланушылардың жеке деректері (мысалы, жеке хаттар,
адрестер, телефондар) немесе қаражаттық ақпарат (мысалы, банктік сайттар)
орналасуы мүмкін. Мұндай ресурстарды бұзу тікелей қарааттық шығыдарға
әкелуі мүмкін (мысалы, ақшаны басқа есеп картасынан өз есеп картасына
аудару) және жанама шығындарға, мысалы, сайттың құрамын бүлдіру және т.с.с.
іс-шараларға әкелуі мүмкін. Көптеген сайттарға қандай да бір қауіпсіздік
деңгейі көбіне сайтта орналасқан ақпаратқа байланысты құрылады.
Сайтқа шабуылдан кейін болатын ең көп тараған жағдайлар:
– бұзушылардың тіркелмеген өзгертуі;
– сайттың көшірмесін жасау.

1.3.2 Сайт не үшін керек

Мекеме жайлы толық ақпарат. Веб-сайт – ол жарнама орны. Онда мекеме
жайлы барлық керекті ақпаратты (мекеме қызметі, орындаған жұмыстары,
байланыс телефондары, реквезиттер және т.б.) орналстыруға болаады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы
уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе
билбордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға болады.

Әдеттегі жарнама түрлерінде орналастыруға келмейтін ақпараттың барлығы
сайтта көрініс таба алады.
Сайтқа әрдайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар
орнату жылдам және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және
қаражат жұмсалады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Веб-сайт арқылы потенциалды
тұтынушылар шеңбері кеңейеді.
Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ал арқылы
мекеменің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқыл қажетті деректерді көрсетіп
тапсырыс беруі мүмкін.
Пайдаланушылармен қарым-қатынас. Веб-сайт – пайдаланушылармен қарым-
қатынас орнату үшін керек. Сайт көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды
және т.б. жеткізуге болады. Сонымен қатар, сайтта Сұрақ-жауап бөлімін
құруға болады, онда пайдаланушылар өз сұрақтар, ойларын жазады және сол
сұрақтарға толық, жоғары квалификацияланған жауап жазуға болады.
Корпоративті айырбас. Веб-сайт барлық жұмысшылар қол жеткізе алатын
мекеме, кәсіпорын архивы.
Сайтта құжаттарды, бланктарды, есептерді, оқулықтарлды және т.б.
қажетті ақпаратты орналастыруға болады. Бұл өте ыңғайлы, мысалы, егер
жұмысшылар әртүрлі офистерде орналасса, олар корпоративті құжаттарға қол
жеткізе алады.
Кәсіпорын, мекеме имиджі. Веб-сайт – компания жайлы алғашқы пікір
қалыптастырады және компания имиджіне жұмыс істейді.
Егер пайдаланушы компанияның сайты бар болғанын білсе, онда ол
пайдаланушыға ыңғайлы түрде компания жайлы ақпаратты толығырақ білсін деген
ниетіңізді түсінеді және сіздің компанияңыздың бәсекелестік позициясын
нығайтуға көмек болады.

2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау

2.1 HTML бағдарламалау тілі

Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup Language — HTML) – веб
браузерде веб-беттерді жəне басқа да ақпараттарды шығару үшін қолданылатын
ең басты белгілеу тілі болып есептеледі.
Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл
қатарына кіреді. Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол
қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу
тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім,
ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.
Гипермәтіннің даму тарихына қысқаша тоқтала кетейік. 1963 жылы Тед
Нельсон алғаш рет сілтемелері бар контентті енгізу мен қолдану үшін
гипермәтін, гипермедиа терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы
Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика ғылымының
профессорымен бірігіп, мәтін редакциялаушы Hypertext Editing System
(аудармасы Гипермəтін Редакциялаушы Жүйе) жобасын жасайды.
Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы – Aspen Movie Map
қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды және оның көмегімен
қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды.
Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мəтіндер
гипермәтін деп аталады. Гипермәтінді оқу барысында оқырман тінтуір (mouse)
немесе батырма (клавиш) басу арқылы жедел түрде мәтіндерді ауыстыра алады.
Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы – гипермәтінде кесте, сурет және басқа
да элементтер болады. Гипермәтіндер интернет құрылымының негізін құраушы
болып есептеледі. Себебі бұндай форматты интернетте пайдалану оңай əрі
ыңғайлы.
Гипермəтін сөзіндегі гипер сөзі грек тілінен үстінде, жоғарыда
деп аударылып, ағылшын тіліндегі “super” cөзінің мағынасына сәйкес келеді.

HTML тілінің пайда болуы сонау 1986 жылғы Халықаралық Стандарттау
ұйымының (ISO) Standard Generalized Markup Language (SGML) деп аталатын
ISO-8879 стандартын қабылдауынан басталады. Осы SGML тілі сол кезде
мәтіннің құрылымдық (логикалық) белгілеуі болып, құжаттың сыртқы
көрінісінің кішкене ғана сипаттамасына дейін түсінбеуші еді. Сондықтан SGML
тілінде кегіл (кегель) сипаттамасы мен шрифт өлшемі сол кездегі стандартқа
қайшы келіп, берілген құжаттың кросс-браузерлік және кросс- платформалық
талаптарын орындай алмады. Негізі стандартты белгілеудегі мақсат – осы
талаптарға жауап беру болатын. Дегенмен SGML мәтіннің белгілеу тіліне
дайын жүйе болып табылмайтын және белгілі жағдайда қолданатын тілдің
құрылымдық элементтерін білмейтұғын. Бұл тіл кейінірек “тег” деп аталып
кеткен мәтін белгілеуінің негізгі элементтерінің жазылу синтаксисін ғана
сипаттады. Құжаттарды практикалық белгілеу үшін қандай жағдайда тілдің
қандай элементін қолдану керек екенін түсінетін және құжаттармен жұмыс
істеуші бағдарламаларды қабылдайтын тіл ойлап табу қажет еді. SGML тілі
өзінің қосымшасы сияқты халық арасында кең қолданысқа енбеді.

2.2 Apache веб-севері

Apache HTTP-сервері (ағыл.тілінен аударғанда a patchy server) – еркін
веб-сервер. 1996 жылдың сәуір айынан бұл Интернетте ең әйгілі HTTP-сервер;
2007 жылдың шілде айынан ол барлық веб-серверлердің 51%-да жұмыс істеген.
Apache-дің негізгі ерекшелігі – кескін үлесімінің (конфигурациясының)
сенімділігі және беріктілігі. Ол деректерді беруге сыртқы модульдерді
қосуды, пайдаланушыларды аутентификациялау үшін қолданылады. IPv6-ты
(Internet Protocol version 6 – интернет протоколының 6-нұсқасы) қолдайды.
Apache веб-серверінің ең көп айтылатын кемшілігі – администраторға
арналған ыңғайлы және стандартты интерфейстің жоқ болуы.
Сервер 1995 жылдың басында жазылған және оның атауы a patchy (ағыл.
жамау) деген қалжың атаудан шығады деп саналады, себебі бұл сервер сол
кездегі әйгілі NCSA HTTPd 1.3 серверінің қателіктерін жойып отырған. Одан
кейінгі сервердің 2.x нұсқалаары қайтадын жазылды, онда NCSA (National
Center for Supercomputing applications – веб-браузер ішіндегі көнесі) коды
алынып тасталған, бірақ аты сол күйі қалған. Қазіргі кезде
бағдарламалаушылар сервердің 2.2 нұсқасын қарастыруда, ал 1.3 және 2.0
нұсқаларында тек қауіпсіздік қатліктерін жоюда.
Apache веб-сервері Apache Software Foundation құрамына кіретін
бағдарламалаушылар мен орындаушылар көмегімен жүзеге асып отыр және
көптеген бағдарламалық өнімдерге қосылған, мысалы, Oracle ДҚБЖ (объектті-
реляциялық деректер қорын басқару жүйесі) және IBM WebSphere (қосымша
программалар сервері).

2.3 PHP және PHPMyAdmin

2.3.1 PHP бағдарламалау тілі

PHP (ағыл. PHP: Hyper Prepocessor – PHP: гипермәтін процессоры) –
HTML – беттерді вб-серверде генерациялауүшін және деректер қорымен жұмыс
істеу үшін құрылған бағдарламалау тілі. Қазіргі кезде хастинг –
провайдерлердің басым көпшілігін қолдайды. LAMP – веб-сайттарды құру үшін
арналған стандартты жиынға (Linux, Apache, MySQL, PHP (Python Perl))
кіреді. PHP құрушылардың тобы оның ядросымен PHP-ді көбейту және сыбайлас
жобалармен (мысалы, PEAR немесе тілдің құжаттамасы) өз еріктерімен
айналысатынжұмысшылардан тұрады (2(.

2.3.1.1 PHP-дің қолданылуы

Желіге арналған бағдарламалау обылысында PHP — әйгілі скрипттік
тілдердің бірі (JSP, Perl ASP.NET) ол өзінің қарапйымдыолығына, орындалу
жылдамдылығына жоғарғы функционалдылығына және PHP лицензиясының негізінде
таратылатын бастапқы кодтарына байланысты PHP ядроның болуымен, қосылатын
модульдердің болуымен, кеңейтілулердің болуымен ерекшеленеді, олар
деректер қорымен, сокеттермен, динамикалық графиктермен, криптографиялық
кітапханалармен, PDF түріндегі құжаттар жіне т.с.с жұмыс істеуге арналған.
Кез-келген адам өзңінің жеке кеңейтуін құрып, қоса алады. Жүздеген
кеңейтулер бар, біпақ стандартты жиынға тек оншақты кең таралған кеңейтулер
кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не сол серверге арнайы құрылған
модуль арқылы (мысалы, Apache немесе IIS), не CGI – қосымша программа
ретінде қосылады. Оған басқа UNIX, GNULinux, Microsoft Windiows, MacrOS X
және AmigaOS операциялық жүйелерінде әкімшілік есептерді шешу үшін
қолданыла аладыү Бірақ бұл қасиетімен ол бірінші орынға Perl, Python және
VBScript-ті жіберіп, көп тарала қойған жоқ.
Қазіргі кезде РНР-ді жүздеген құраушылар қолданады. 20 миллион сайт
РНР-мен жұмыс істейтінін айтамыз, ал бұл сан Интернет домендерінің бестен
бір бөлігінен асады (3-5(.

2.3.1.2 РНР тарихы

РНР атауы – РНР: Hypertext Preprocessor білдіретін рекурсивті
аббревиатура (бұрын акроним Personal home Page Tools деген мағынаны
білдіретін). Бастапқыда РНР веб-беттерді құруды жеңілдетілдету үшін Perl-ге
қосымша ретінде құрылған.
РНРFI. 1994 жылы дат программисті (қазір Канадада тұратын) расмус
Лердорф (Rasmus Lerdorf) PerlCGI-да оның онлайн-резюмесінің қараушылар
санын санау және шығару үшін, HTML-құжаттардың шаблондарын өңдейтін
скрипттер жиынын жазды. Лердорф ол жиынды Personal Home Page (Жеке Үй беті)
деп атады. Кейіннен скрипттер интерпритаторы Perl-дың функционалығы және
жылдамдығы жеткіліксіз болғандықтан Лердорф Си тіліндегі жаңа РНРFI
шаблондар интерпритаторын құрды. РНРFI — ағыл. Personal home PageForms
Interpreter – Жеке Үй бетіФорма интерпритаторы. Perl стильіндегі
айнымалылар түрі ($айнымалы_аты мәнді шығару үшін), формалардың автоматты
өңделуі және HTML-мәтінге іштей орындалуы және т.б. Жаңа туған тіл
қарапайым және шектелген синтаксисімен ерекшеленеді. 1997 жылы ұзақ бета-
тестілеуден кейін өңдеуіштің Си тілінде жазылған екінші нұсқасы шықты –
РНРFI 2.0.
Оны әлемнің барлық интернет-домендердің 1% (жуық мөлшермен 50 мың)
қолданды.
РНР3. Бүгінгі күні біз білетін РНР-ге ұқсас ең алғашқы нұсқасы РНР3.0
болатын. 1997 жылы екі израильдік программистер Энди Гутмас (Andi Gutmans)
және Зив Сураски (Zeev Suraski) кодты басынан бастап жазды: құраушылар
РНРFI 2.0-ді электронды коммерция бағдарламаларын құруға жарамсыз деп
шешті. РНР 3.0 нұсқасымен бірігіп жұмыс істеу үшін РНРFI 2.0 құраушыларын
біріктіріп, РНР 3.0-ті РНРFI-дің ресми мұрагері деп жариялауды шешті, ал
РНРFI-ді құру толығымен тоқтатылды.
РНР3.0-тің күшті жақтарының бірі ядроны кеңейту мүмкіндігі болды.
Кейіннен кеңейтулерді жазу интерфейсі РНР-ға өз модульдерін жазатын
көптеген құраушыларды әкелді. Бұл жағдай РНР-ге үлкен көлемдегі деректер
қорымен, протоколдарымен, API-дің көпшілігін қолдауға мүмкіндік берді.
Негізінен, бұл жағдай сәттіліктің алғашқы кілті болды. Бірақ тағы бір
шартты айта кеткен жөн, ол – жаңа, қуаты жоғарырақ және объектті-
бағытталған программалауды қолдайтын толық синтаксисі.
Толығымен жаңа бағдарламалау тілі жаңа атау алды. Құраушылар РНРFI
абревиатурасындағы жеке қолданым жайлы қосымшаны қолдауданг бас тартты. Тіл
жай ғана РНР (ағыл. РНР: Hypertext Preprocessor- РНР: Гипермәтін
процессоры) деп аталады.
1998 жылдың соңында ондаған мың пайдаланушылармен қолданыс тапты.
Жүздеген мың веб-сайттар өздерінің РНР-ді қолданаиынын айтты. Сол кезде РНР
3.0 интернеттің 10% веб-серверлеріне орнатылған болатын.
РНР 3.0 ресми түрде 1998 жылдың маусым айында, 9 ай бұқаралық
тестілеуден кейін жарық көрді.
РНР 4. 1998 жылы РНР 3.0 ресми түрде шыққаннан кейін, Энди Гутманс
және Зив Сураски РНР ядросын қайта құрастыра бастады. Оны қарастыру себебі
қиын қосымша программалардың өнімділігін артыру және РНР кодының базисінің
модульдігін жақсарту болды, РНР 3.0-тің кеңейтілуі деректер қорының
жиынымен сәтті жұмыс істеуге және көп көлемде әртүрлі API мен
протоколдарды қолдауға мүмкіндік берді, бірақ РНР 3.0-тің модульдерді
қолдау сапасы төмен болды және тиімсіз жұмыс істеді.
Zend Engine (құрушылардың атынан, Зива және Энди, сонымен қатар Zend
Technologies-ті құрушылар) деп аталған жаңа қозғауыш қойылған есептерді
жақсы шешіп отырды және 1999 жылдың ортасында жарық көрді. Осы қозғауышқа
негізделген және өзімен бірге қосымша функциялар жиынын алып келген РНР4.0
ресми түрде 2000 жылдың мамыр айында шықты (РНР 3.0 шыққаннан екі жыл
өткеннен соң).
РНР 5. РНР-дің бесінші нұсқасы құраушылармен 2004 жылы 13 тамызда
шығарылды. Өзгертулерге интерпритатордың тиімділігін арттырытын Zend (Zend
Engine 2) ядросының жаңаруы жатады. ЧЬД өлшеуіш тілінің қолдауы ендірілген.
Java-да қолданылатын модельдерге ұқсас обьектті-бағытталған программалау
функциялары толық өзгертілген. Айта кетсек, ашық, жабық және қорғалған
мүшелер мен әдістер, интерфейстер мен обьекттерді клондау ендірілген.
Дегенмен, жаңартулар алдыңғы нұсқалармен кодты сәйкестікті сақтау үшін
жасалған. Қазіргі кезде РНР6 нұсқаларының dev-нұсқасының болуына
қарамастан, ең тұрақтыжәне кең қолданылатын 5.х.х нұсқалары болып табылады
(6-9(.
РНР 6. РНР-дің алтыншы нұсқасы 2006 жылдың қазан айынан бастап
құрылуда. Онда көптеген жаңартулар ендірілген, мысалы, ядродан тұрақты
POSIX өрнектері және ұзын суперглобальды массивтер алынып тасталған,
php.ini конфигурациялық файлынан safe_mode6 php_magic_quotes және
register_globals директивалары жойылған. Сонымен қатар Юникодты қолдауға
көп көңіл бөлінуде.

2.3.1.3 Синтаксисі

РНР синтаксисі Си тілінің синтаксисіне ұқсас. Ассоциативті массивтер
және foreach циклы сияқты кейбір элементтер Perl-ден алынған. Hello,
world! қарапайым программасы РНР-де келесідей болады.
?php
echo ‘Hello world!’;
?
РНР ?php ? шектеуіштер ішінде орналасқан кодты орындайды.
Шектеуіштер тыс ақпараттың барлығы өзгеріссіз шығарылады. Негізінен, ол
HTML-құжатты РНР-кодты орнату үшін қолданылады, мысалы
htmlheadtitlePHP-ді тестілеуtitlehead
body?php echo ‘Hello,world!;’bodyhtml
?php? шектеуіштерінен басқа да нұсқаларды қолдануға рұқсат етіледі,
мысалы ? ? және script language= “php” script7 сонымен қатар, 6.0
нұсқаларына дейін ASP бағдарламалау тілінің шектеуіштерін % % қолдануға
рұқсат етіл ген.
Айнымалылар атауы $ символынан басталады, айнымалы типін жариялаудың
керегі жоқ. Функция және класс атауларына қарағанда айнымалылар атауы
регмстрде сезімтал. Айнымалылар қос тырнақшаға алынып жолдарда және
heredoc- жолдарда ( операторы арқылы құрылғанжолдарда) өңделеді. РНР
HTML тілі сияқт ы және т.б еркін түрдегі тілдер сияқты жаңа жолға көшіруді
бос орын (пробел) ретінде қабылдайды. Қосымша жазулар нүктелі үтір (;)
арнқылы бөлінеді.
РНР үш түрлі түсіндірмелерді қолдайды: Си тілінің стилінде (* *
шектелген), С++ ( басталатын, жолдың соңына дейін) және UNIX қабыршағы
(# басталатын, жолдың соңына дейін).
Айнымалы типі (демек, ол сақталатын мәндер типі) қолдау контексті
бойынша анықталады. РНР-де айнымалылар типі болады:
integer;
floating point;
string;
object;
array;
Бос айнымалы VAR кілттік сөзімен жарияланады:
VAR $some_var.
Сонымен қатар, айнымалы бірінші рет қолданғанда жариялауы мүмкін:
$some_var= “value”.
Integer типі. Integer типті айнымалылар құрамында -2 биллионнан +2
биллионға дейінгі ондық, сегіздік және оналтылық санау жүйексіндегі
санадар болады. Мысалы
$var1=100; *ондық мән*
$var2=0144; *сегіздік мән*
$var3=0x64; *оналтылық мән*
Floating point типі. floating point типі айнымалылар – бұл жылжымалы
нүктелі (бөлшек ) сан. Мысал:
$var1=2,34;
$var1=234е1;
String типі. Жол (string типті айнымалы) – бұл әріптер, сандар және
арнайы символдардың бірігуі. Ол бірлік (апострафтар) немесе қос тырнақшамен
беріледі. Егер жол қос тырнақшамен берілсе, онда ол құрамында
айнымалылардың бар-жоқтығына тексеріледі.
Жолдық айнымалыларға мысал
$var1= “23”;
$str1= “айнымалылар құрамында $var мәні бар”;
$str2= “айнымалылар құрамында $var мәні бар”;
Айнымалыларды шығару келесідей жүзкге асырылады:
Айнымалы құрамында $var мәні бар
Айнымалы құрамында 23 мәні бар
Егер жолға арнайы символдар енгізу керек болса, мысалы, сіз слэшті ()
қолдана отырып, қос тырнақшаны (“) шығаруға болады. Егер
$str1= “”Графика” фирмасы”;
болса, онда қате тудырады, бірақ егер кері слэшті () қолданса,
$str1= “”Графика” фирмасы”;
Онда қате болмайды.
Object типі. Объекттер (оbject типті айнымалы) – класс экземпляры.
Обьектті құру үшін ең алдымен класты құру керек. Классс олармен жұмыс
істеуге арналған айнымалылар мен функциялардан тұрады.
Array типі. аrray типті айнымалылар массивтерді жариялағанда
қолданылады. РНР-де массивтің екі түрі болады:
— бүтін санды индекстері бар болады;
— индекстелген жолдары (хэш) бар массив.
$var1=100; *ондық мән*
$var2=0144; *сегіздік мән*
$var3=0x64; *оналтылық мән*
Floating point типі. floating point типі айнымалылар – бұл жылжымалы
нүктелі (бөлшек ) сан. Мысал:
$var1=2,34;
$var1=234е1;
Жолдық мәндер қолданылатын Escape-тізбектері (кері слэш және арнайы
символдар) 2.1 – кестеде сипатталған.
Кесте 2.1.
РНР тілінде қолданылатын Escape-тізбектері

Escape-тізбектері Мәндері
n Жаңа жол басы
r Кракетка ауыстыру
t Табуляция символы
\ () символы
” (”) символы
$ ($) символы
Сегіздік мән
x Оналтылық мән

Мысалы, төрт мәннен тұратын массивті құру үшін келесідей код жазу
керек:
$myarr=array(“value1”, “value2”, “value3”, “value4”).
Массивке орналастырылған әрбір элементке индекс тіркеледі (0-ден
бастап). Осылайша, $myarr[0] “value1”-ді, ал $myarr[3] “value4”-ті береді,
әрине, массивке $myarr[5] “value5”; элементін қосуға болады. Хэшті
келесідей құруға болады:
$mygash=array(‘size’= ‘large’, ‘style’= ‘italic’, ‘family’=
‘Arial’);
Операциялар. PHP операцияның бірнеше түрін қолдайды:
– меншіктеу;
– арифметикалық аперациялар;
– логикалық операциялар;
– конкатенция;
– салыстыру.
Арифметикалық операциялар. Арифметикалық операциялар қысқаша түрде 2.2
– кестеде келтірілген.

Кесте 2.2.
Арифметикалық операциялар

Оператор Операцияларға Сипаттамасы
мысалдыр
+ $a+$b $a мен $b айнымалыларының қосындысын есептеу
— $a+-$b $a мен $b айнымалыларының айырмасын есептеу
* $a*$b $a мен $b айнымалыларының көбейтіндісін есептеу
$a+$b $a мен $b айнымалыларының бөліндісін есептеу
% $a%$b $a айнымалысын $b айнымалысына модуль бойынша
бөлінгенде қалатын қолдығын есептеу

Функциялар. Функциялар тілідің дәстүрлі конструкциясы. Олар түрлі
параметрлерді және өзінің жұмысының нәтижесін қолданып, функцияны шақыру
нүктесіне қайтаратын белгілі бір әрекеттер жиынын орындайды. PHP тілі
функцияның екі түрін қолдайды:
— порграммистпен жарияланған функциялар (қолданушылық);
— тілдің стандартты (ішкі) функциялары.
Қолданушы функциялары. Егер кейде командалар сериясын орындау қажет
болса, онда бұл командаларды функцияның ішінде орналастыруға болады. Бұл
кодты ыңғайлы және оқуға оңай келтіреді.
Бір командалар сериясын қайта-қайта түргеннің орнына функцияны (алдын-
ала жариялаған) шақыруға болады. Бұл әлдеқайда жылдамырақ. Бұдан басқа,
егер де өзге өзгертулерді енгізу қажет болса, жарияланған функцияны бір рет
түзетумен шектелуге болады.
PHP- кодта функцияны құру үшін келесі синтаксисті қолданады.
function функция_аты (функция_параметрі)
{ әрекеттер; }
мұндағы:
— функция_аты – функция аты программистпен тағайындалады;
— функция_параметрі – функциямен (осы параметрдің мәндеріне байланысты
функция жұмысының нәтижесін өзгертіп отырады) қолданылатын параметрлер;
— әрекеттер – функция денесі (ол орындауға тиіс командалар жиыны).
Ішкі функциялар. Бұл тілді жобалаушылармен оны құрғандағы жарияланған
функциялар және жиі қолданылатын операциялар. Ішкі функцияларды қолдану
үшін бұл функцияның атын және параметрлер тізімін білу қажет. Функцияларға
қатынау оның аты бойынша жүзеге асырылады.
Сипаттаушы конструкциялар. PHP интерпритацияланатын тілге жатуы
айнымалыларға, функцияларға және кластарға қатынау үшін ыңғайлы және тиімді
механизмін құруға себеп болды. Айнымалыларға қатынау $ символының көмегімен
жүзеге асырылады. Сонымен қатар бұл конструкция айнымалы мазмұнына атауы
сәйкес келетін функцияларды, әдістерді және т.б шақыру үшін қолданылады.
Обьектті- бағытталған бағдарламалау. PHP кең обьектті-бағытталған
мүмкіндіктерді қолдайды, оларды толық тілдің бесінші нұсқасында ендірілген.
PHP- де класс class кілттік сөзі арқылы жарияланады. Кластың әдістері
мен жолдары барлығына рұқсат етілеген (public, үнсіздікпен), қорғалған
(protected) және құпия (private) болуы мүмкін.PHP мұрагерлікті (аталық
класс атауынан кейін extend кілттік сөзімен көрсетіледі) және интерфейсі
(implements кілттік сөзі) қолдайды. Соңғы, абстрактті әдістер мен
класстарды жариялау рұқсат етілген. Көптік мұрагерлік қолданылмайды.
Класс экземплярлары new кілттік сөзінің көмегімен құрылады, обьектінің
жолдары мен әдістеріне қатынау — символдарының қолдануымен жүзеге
асырылады.
Класс мүшелеріне қатынау үшін олардың әдістерінен $this айнымалысы
қолданылады.
Басқа да мүмкіншіліктері. PHP- дің ең көп қолданылатын
мүмкіншіліктерінен келесілерді атап өтуге болады:
– жолдармен жүмыс істеуге арналған функциялар тобы;
– pcre тұрақты өрнектерімен жұмыс preg_ префиксінен басталатын
функциялар арқылы орындалады;
деректер қорымен жұмыс MySQL үшін php5-mysql, PostgreSQL үшін php5-
pgsql модульдері арқылы жүзеге асырылады. Осы модульдердің функциялары
қатынауларды ашуға, ДҚБЖ-не SQL-сұрауларды орындауға, өңдеуге ыңғайлы түрде
деректерді алуға және т.б мүмкіндік береді. Үлкен жобаларда деректер
қорының абстракция модульдерін және обьектті- реляциялық проекцияларды
(ORM) қолдануға кеңес беріледі.
PHP үшін web-беттерді шаблондау құралдары ойлап шығарылды, олар MVC,
мысалы Smarty түріндегі модельдерді тиімді бөлуге көмектеседі.

2.3.1.4 PHP-ді не үшін таңдау керек

Web-қосымша программаларын құрушыларға web-беттер – ол мәтін мен
суреттерге ғана емес екенін айтудың қажеті жоқ. Жақсы сайт пайдаланушымен
қандайда бір деңгейдегі интерактивтілікті қолдау керек: ақпаратты іздеу
өнімді сату, конференциялар және т.б. негізінен бұл мүмкіншіліктердің
барлығы Perl- да жазылған CGI-скрипттермен орындалған. Бірақ CGI-
скрипттердің масштабталу мүмкіндігі өте төмен. Әрбір CGI шақыру ядродан
жаңа процесстің тууын талап етеді, ал ол процессор уақытын жоғарылатады
және оперативті жадыны жұмсайды.
PHP басқа нұсқаны ұсынады – ол Web-cервер бөлігі ретінде жұмыс
істейді, осындац мүмкіндігімен ол Microsoft-тің ASP-не ұқсас. PHP
синтаксисі Си немесе Perl синтаксисіне өте ұқсас. Бағдарламалаумен таныс
адамдар программаларды PHP тілінде жазуға өте тез үйренуге мүмкіндіктері
бар. Бұл тілде деректерді типтеудің арнайы бағыты жоқ және жады бөлу мен
босатудың керегі жоқ.
PHP тілінде жазылған программалар жеңі оқылады. Жазылған PHP- кодты
Perl- программаларына қарағандаоқу және түсіну оңай.

2.3.1.5 PHP кемшіліктері

Біріншіден, PHP интерпритацияланатын болғандықтан жылдамдығы бойынша
компиляцияланатын Си тілімен сәйкес бола алмайды.
Дегенмен, кіші программаларды жазған кезде, жадыға жүктеу кезінде және
Си тілінде жазылған CGI-программаларды шақырғанда үстеме шығындар іске
қосылады.
Екіншіден, дайын модульдер қоры үлкен емес, мысалы, Perl-дегі CRAN
сияқты емес. Бұл жағдайды шешу үшін тек уақыт керек. PHP 4-те қараушылар
арнайы PERL репозитариін қарастырған, ол CRAN-ға ұқсас.

2.3.2 PhpMyAdmin

PhpMyAdmin PHP тілінде жазылған және MySQL ДҚБЖ администрациялау үшін
арналған веб-интерфейс түріндегі ашық кодты веб-қосымша бағдарламасы.
PhpMyAdmin браузер арқылы MeSQL серверін администрациялауды
ұйымдастырады, SQL командаларын орындауға және кестелер мен деректер
қорының құрамын мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама веб-қараушылардың арасында
өте әйгілі, себебі ол MySQL ДҚБЖ-ін SQL командаларын енгізбей-ақ басқаруға
мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні PhpMyAdmin практикада кең қолданылады. Оның себебі,
құраушылар өз нөмірін MySQL ДҚБЖ-дегі жаңартуларды ескере отырып,интенсивті
түрде дамытуда.
Провайдерлердің басым көпшілігі бұл қосымша программаны өздерінің
пайдаланушыларына бөлінген деректер қорын администрациялау мүмкіндігінің
құралдар панелі ретінде қолданылады.
Бұл қосымша программаны ойлап тапқан неміс құраушысы – Тобиес
Ратшиллер (Tobias Ratshiller). Бұл жоба қазіргі кезде 50-ден астам тілде
жұмыс істейді.

2.4 MySQL сервері

2.4.1 MySQL деген не

MySQL – деректер қорының ықшам көпағымдық сервері. MySQL жоғарғы
жылдамдығымен, төзімділігімен және қолданудың жеңілдігімен ерекшеленеді.
MySQL өте үлкен деректер қорын өңдеуге арналған ішкі қажеттіліктер
үшін ТеХ компаниясымен құрылған. Компанияның айтуы бойынша 10000 кестеден
(соның ішінде 24.01.2004 кейінгі 500-ден астам кестелер 7млн. жолдан
тұрады) тұратын 40 деректер қоры бар серверде MySQL-ды 1996 жылдан бері
қолданып келеді (10(.
MySQL кіші және орташа қосымша программалар үшін өте жақс ышешім болып
табылады. Сервердің бастапқы кодтары көптеген платформаларда
компиляцияланады. Сервердің мүмкіндіктері көпағымдылықты қолдайтын Unix-
серверлерінде толығырақ ашылады, ол өнімділікті артыруға көмектеседі.
Бүгінгі күнге MySQL әлі құрылуда, бірақ 3.22 нұсқалары толық жұмысқа
жарамды. MySQL-сервер коммерциялық емес қолдануға тегін, кері жғдайда
лицензия алуға тура келеді.

2.4.2 MySQL мүмкіндіктері

MySQL ANSI 92 стандарттарындағы сұраныс тілі SQL-ді қолдайды және бұл
стандартқа басқа ДҚБЖ-да жоқ көптеген кеңейтілімдерді қамтиды.
MySQL-дің негізгі кемшіліктері:
деректер … жалғасы