Наурыз нақыштары

0




Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Наурыз нақыштары

Автор: Уябаева Нуршагул Серикбаевна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-10


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімдерге




19.03.2018ж 10 Д сынып.

Нұршагүл Ұябаева.
ОҚО Ордабасы ауданы.Шұбарсу ауылы Б.Нұрлыбеков атындағы
ЖОМ-тің математика пәні мұғалімі.

Наурыз-нақыштары.
Наурыз-жыл басы саналады,
Ұлы күнге баланады.
Табиғат Ана оянады,
Жер-дүние жаңарады.
Қыс пен көктем қауышады,
Суық пен жылылық ауысады.
Ызғары қыстың кетеді,
Шуақты көктем жетеді.
Күн мен түн теңеледі,
Ел ізгілікке бөленеді.
Көктен нұршуақ төгіледі,
Жерде мұздың көбесі сөгіледі.
Көктің тынысы кеңейеді,
Жердің тамыры көбейеді.
Ұлылық пен кішілік жанасады,
Ұрысқандар бір-бірімен жарасады.
Алыстағы ағайын қауышады,
Араз жандар табысады.
Бай жарлыға қарасады,
Ынтымақ бірлігі жарасады.
Қарттардың көңілі кеңейеді,
Жастардың күлкісі көбейеді.
Бұлақ біткеннің көзі ашылады,
Ұста біткеннің көрігі басылады.
Ұлттық киім киіледі,
Бір-бірімен сәлем беріледі.
Салт-дәстүр сақталады,
Халық дәстүрімен мақтанады.
Елімізге бақ қонады,
Дастарханға ақ толады.
Халықтың көңілі шат болады,
Дін мен тілге бөлінбейді.
Шекара ұлтты білмейді,
Наурыз әлемге бірдей,
Жарқыраған Ай мен Күндей.
Ұлыстың Ұлы күні оң болады,
Ақ мол болады.
Жер-Ана тойынып,
Елде көп той болады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.