Ірі қара мал | Скачать Реферат
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГИДРОТЕХНИКА, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
экономикалық талдау және статистика
пәні бойынша студенттік өзіндік жұмысы №1
Орындаған ВМ 402 топ студенті
Аманбек Ақерке
Тексерген э.ғ.к., аға оқытушы
Бейсенбаева А.К.
Алматы, 2017
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Қызылорда обылысының ауылшаруашылық көрсеткіші негізінде статистикалық мәліметтерді зерттеу
2.2 Статистикалық туралы мәліметтер жалпы мәліметтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Статистика (лат. status — жай-күй) — білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым. Қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистик. ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын практик. қызмет саласы. Жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.
Бастапқы алынған мәлiметтердi жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделi және жауапты іс болып саналады. Себебi каншама бай, толъқ материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзiнің мағынасън жоғалтады. Іс жүзiнде кұнсызданады жене одан нәтижелi талдау қорытындылары жасалынбайды. Сондықтан, статистикальқ баылаудьң нәтижесiнде жиналған мәлiметтердi дұрыс жинақтап, өңдеудiң әлеуметтiк-экономикалык маңызы өте жоғары.. Сол үшін алдын-ала мәлiметтердi жинақтаудың жоспары жасалады.
Мақсаты: Статистикалық бакылау нәтижесiнде жиналған мәлiметтерге қорытынды жасау.Статистикалық зерттеудің екінші кезеңі жинақтау және топтаудың ерекшеліктерін және түрлерін ажырата білу. Топтау кезінде қолданылатын формулаларды тәжірибеде қолдана білу.
Міндеті: Статистикадағы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді, орташа шамалар мен валяция көрсеткіштерін, экономикалық индекстерді, мода және медианалармен таныса отырып, статистикалық талдау жасау.
Негізгі бөлім
Қызылорда облысы бойынша 2007 жылы төрт түлік малдың басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,1 пайызға, қой мен ешкі — 3,6, жылқы — 5,0, түйе — 6,9, шошқа 27,5 пайызға көбейіп, мал өнімдерін өндіруде біршама көбейіп отыр. Бүгінгі күні облыста 23 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Осы шаруашылықтардың ішінде 4 сүт, 1 ет бағытындағы мүйізді ірі қарамен, 8-і асыл тұқымды қаракөл қойымен, 3 шаруашылық жабы және мұғалжар тектес жылқымен, 7-і қазақтың айыр түйесін бағумен айналысады. 2007 жылы осы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара-1607 бас, қой- 36362 бас, жылқы- 2497 бас, түйе- 2560 бас болып, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара-0,9, қой -0,6, жылқы 7,8, түйе тиісінше 1,4 пайызға көбейген.
1-кесте. Қызылорда облысындағы соңғы 2010-2016 жылдар аралыгындағы ауыл шаруашылығында мал саны көрсеткіштері, мың бас
Көрсеткіштер
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Барлығы
1337,4
1288,9
1098,7
1005,1
1040,1
1063,6
1120
Ірі қара мал
247,4
240,7
243,3
248,9
257,8
269,0
288,6
Қой мен ешкі
761,9
747,6
623,8
546,0
567,4
570,4
589,4
Шошқа
3,3
3,3
3,1
2,5
2,6
2,7
2,4
Жылқы
66,5
68,6
75,4
80,9
86,2
97,5
111,6
Түйе
32,4
32,2
33,4
33,2
34,7
37,4
38,8
Құс
225,9
196,5
119,7
93,6
91,4
86,6
89,2
*Ескерту: мәлімет Қазақстан Республикасы статистикалық мәліметтері (stat.gov.kz) сайтынан алынған.
1-сурет. Қазақстан Республикасы статистикалық мәліметтері (stat.gov.kz) сайтынан алынған.
2. Статистикадағы абсолютті салыстырмалы көрсеткіштері бойынша: Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері (ҚСК) — бөліктің бүтінге қатынасын көрсетеді. Ол әлеуметтік-экономикалық құбылыстың жиынтықтарының құрылымын, құрамын сипаттайды.
Мысалы: Қызылорда облысының 2016 жылғы мал саны мәліметтерін пайдаланып құрылымының салыстырмалы көрсеткіштері.
2-кесте 2016 жылы облыстағы мал санының құрылымы
Көрсеткіштер
Мал саны, мың
Әрбір малдың үлестік салмағы %
Барлық мал
1030,8
100
Ірі қара
288,6
28
Қой мен ешкі
589,4
57,2
Шошқа
2,4
0,2
Жылқы
111,6
10,8
Түйе
38,8
3,8
Координацияның салыстырмалы көрсеткіштері (КСК) жиынтиықтың бір бөлігінің екінші бөлігіне қатынасын көрсетеді.
КСК = Жиынтықтың і бөлігін сипаттайтын деңгейсалыстыру базасы ретінде таңдап алынған жиынтықтың бөлігін сипаттайтын деңгей
Жиіліктің салыстырмалы көрсеткіші (ЖСК) — осы құбылыстың дамуын немесе қанықтылық дәрежесін көрсетеді.
Мысал: Қызылорда облысы халқының орташа жылдық тұратын саны 2016 жылы 765,5 мың адамды құрады, ал барлық мал саны 1030,8 мың. Халықтың әрбір 10000 адамына келетін мал санын анықтасақ.
ЖСК= 1030,8765,5 x10000%.=13,5%.
Мысал: Қызылорда облысында 2006 жылы ірі қара саны — 288,6 мың, қой мен ешкі — 589,4 мың, шошқа — 2,4 мың, жылқы саны — 111,6 мың, түйе саны — 38,8 мың, халықтың саны 2016 жылы 765,5 мың адам экономикалық даму деңгейінің салыстырмалы көрсеткішін анықтаңыз.
Шешімі:
1. (288,6765,5)*1000=377.3
2. (589.4765,5)*1000=769
3. (2,4765,5)*1000=3,1
4. (111,6765,5)*1000=145,8
5. (38,8765,5)*1000=29,7
Сонда әрбір 1000 адамға 377,3 мың ірі қара, 769 мың қой мен ешкі, 3,1 мың шошқа, 145,8 мың жылқы, 29,7 мың түйе шығарылды.
2-сурет. Әрбір малдың үлестік салмағын көрсететін диаграмма
3. Экономикалық индекстер.
Индекс-зерттелетін құбылыстың уақыты бойынша, кеңістікте немесе белгілі бір эталонмен салыстыру бойынша өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Әртекті жиынтықтарды сиапттайтын көрсеткіштердің динамикасын талдау үшін индекстер қолданылады.
Мысалы, бағалардың динамикасын талдағанда оратша бағаны есептеуге болмайды, өйткені тұтынушы нарығында әр түрлі тауарлар-тамақ өнімдері, киім, мебель және т.б. сатылады.
Индекстер динамикалық және кеңістіктік (территориялық) болып бөлінеді.
Динамикалық индекстер -екі кезеңнің көрсеткіштерін салыстырудың негізінде жиынтықтың уақыттағы өзгеруін зерттеуге мүмкіндік береді.
Кеңістік индекс — екі жиынтықтың көрсеткішерін кеңістікте салыстыру үшін қолданылады, екі кәсіпорын, екі аймақ, екі мемлекет болуы мүмкін.
Егер салыстыру базасы … жалғасы