ІІМ видеоға қатысты түсініктеме берді

0

Полиция азаматтарды мұндай арандатушылық мақсаттағы ақпаратқа сенбеуге шақырды

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде таралып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді.

Видеодан полицейлердің әйелдер мен балаларды күштеп автобусқа кіргізіп жатқанын көруге болады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, видеороликтегі оқиға бес жыл бұрын болған.

«Оқиға 2014 жылы болған, мәселе Астанадағы проблемалық тұрғын үй кешендерінің біріне қатысты», — деді министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Министрлік арандатушылыққа бой алдырмауды және күмәнді ақпарат таратпауды сұрайды.

2014 жылы не болды?

2014 жылы наурызда Астанада әйелдер балаларымен бірге «Махаббат» тұрғын үй кешенінен шығарып жібергендерге қарсылық білдіреді. Тұрғындардың айтуынша, олар пәтерді кейін сатып алу шартымен жалға алған. Кейін баспана басқа кәсіпорынға өтіп, ал үйдің жаңа иесі тұрып жатқандарды шығарып жіберуді шешеді.

БАҚ жазғандай, рұқсат етілмеген ереуілге шыққан әйелдер мен балаларды полиция мән-жайды анықтау үшін ішкі істер басқармасына жеткізіп, кейін босатқан.

sputniknews.kz