Қызылорда облысында тарихи ескерткіштердің интерактивті картасы әзірленді
«Quick Response» — «Шұғыл жауап” деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код.
Өңірдегі тарихи-мәдени мұраларының 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, нысандарға QR-код тақтайшалары орнатылды деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерін сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеңсе арқылы 2 жоба жүзеге асырылды. Олар — «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу» және «Облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобалары.
Жақын арада интерактивті карта облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің www.kyzylorda-pamyatniki.kz ресми сайтында орналастырылып, қолданушыларға қолжетімді болады. Картада ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміндегі нысандар, республикалық және жергілікті маңызы бар 150 тарих және мәдениет ескерткіштері қамтылды. Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ескерткіштің толық витруальды моделі қалыптасып, нысан туралы үш тілде ақпараттық база дайындалды.
«Quick Response» — «Шұғыл жауап” деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код.
QR-кодтың көмегімен интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады. Бүгінгі күні QR-коды бар тақтайшалар облыс орталығы мен аудандардағы мобильді байланысы бар жерлердегі ескерткіштерге орнатылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!