Оралда полиция көлігі 11 жастағы баланы қағып кетті

0

Оқушы рұқсат етілмеген жерде жолдан жүгіріп өтпек болған

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Оралда қызметтік көлікпен келе жатқан полицей кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Жол апаты 5 ақпан күні кешкісін Зачаганск ауылында болды. 11 жастағы бала рұқсат етілмеген жерде жолдан жүгіріп өтпек болғанда, полицияның «Нива» көлігі қағып кетіпті. Жедел жәрдем бес минутта жетіп, баланы ауруханаға алып кетті, дәрігерлер қараған соң оқушыны үйіне қайтарған.

Орал полициясы оқиғаны растап, балаға көліктің айнасы тиіп кеткенін атап өтті. Жүргізуші рөлді шұғыл бұрып, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып, әрі қарай жыраға түсіп кеткен. Олардың мәліметінше, «Нива» көлігіндегі полицей мас болмапты.

Петропавлда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

Жол апаты дерегі бойынша қызметтік тергеу басталды.

Астанада жас қыз қоғамдық көліктің астына түсті


Дереккөз: https://sputniknews.kz/