Астанада көп балалы аналар көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті

0

Әйелдер қала басшылығымен кездесуді талап етіп, аязды күні далада жиналды

Астанада өрттен бес қыз қаза болғаннан кейін 60-қа тарта көп балалы ана көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Далада отыз градус аяз болғандықтан, әкімдік өкілдері әйелдерді «Астана» концерт залына (бұрынғы Конгресс-холл) ертіп барды, ыстық шай беріп, микрофон қосты.

Әкім Бақыт Сұлтанов кездесуге келе алмады, орнына орынбасарын жіберіпті.

«Көпбалалы аналармен кездесуге Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қаласы қоғамдық даму істер басқармасының басшысы Данияр Есин қатысып жатыр», — деп хабарлады әкімдіктегілер.

Әйелдер өз проблемаларын айтып, нақты іс-әрекеттерді талап ету үшін жиналды.

Көпбалалы отбасындағы трагедия

Дүйсенбі күні түнде, 4 ақпанда көп балалы отбасы тұратын үйден өрт шығып, бес қыз көз жұмды. Балалардың ата-анасы түнде жұмыс істеген. Кеше апалы-сіңлілі қыздар жер қойнына тапсырылды, жаназаға мыңдаған астаналық келді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/