Әнші Бүркіт бес баласынан айырылған жанұяға жылап отырып көңіл айттыты — новости Казахстана

0

Отандық әнші Бүркіт бес баласынан айырылған астаналық отбасыға көңіл айтты. Шетелде демалыста жүрген әнші ауыр қайғылы жағдайды естіп, есеңгіреп қалған деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

«Бұл балапандардың ата-анасы қазір не сезініп отырғанын білмеймін! Өйткені, ондай сезімді бастан кешпегенмін. Бір білерім, бұл үлкен қайғы! Бір сәтте бар байлығынан айырылып қалу… Бақытты сәттері көз алдарынан бұлбұлдай ұшты. Осы балаларының арқасында өмірдің қиындығына төтеп беріп, уақытша болса да қайғысын ұмытқан еді.

Олардың ендігі өмір сүргісі де келмейтін болар. Мүмкін, енді ол жерде қалғысы келмейтін болар! Білмеймін! Құдай бетін аулақ қылсын! Бірақ мен көтере алмас едім. Бұл балалардың ата-анасына не айтуға болады? Көңіл айту аздық етеді. Балалар үшін жүрегім ауырып отыр. Осы сөздерді жазып отырып, жылап отырмын. Алла оларға төзім берсін», — деп жазды Бүркіт.

Айта кетейік, осыған дейін отандық әншілер мен танымал тұлғалар бес баласынан айырылған отбасыға көмек көрсетуге шақырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал бүгін 5 қызды жер қойнына тапсырды.

Сондай-ақ көпшілік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар



Дереккөз: kaz.nur.kz