Алматы-Бішкек тас жолында жол апаты болып, ер адам қаза тапты

0

Сондай-ақ ЖКО қатысқан тағы екі адам аурухана төсегіне таңылды.

Алматы-Бішкек тас жолында адам өлімімен аяқталған жан түршігерлік ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Тарғап ауылына таяу маңда орын алған. Мәлімет бойынша Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі Алматыдан Бішкекке қарай кетіп бара жатқан. Ауыл тұсынан өткен соң ол жол ортасында бұралаңдап келе жатқан Volkswagen Golf автомашинасын байқайды. Соған қарағанда немістік көілктің иесі тізгінге ие бола алмай, Honda көлігімен бетпе-бет қақтығыс жасаған. Соққының қатты болғаны сонша, қос көлік бір-бірінен 160 метр жерге ұшып кетеді. Салдарынан Honda жол шетіне ұшып, орға құлап барып бірақ тоқтаған. Volkswagen автокөлігі де жол шетіне шығып кетіп, ағашқа соғылыпты.

Айта кеткен жөн, жол апаты болған мезетте тас жол құрғақ болған.

Honda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Ал VW Golf автомашинасын тізгіндеген ер адам ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/