Астанада автобус жылы аялдамаға барып соғылды (фото) — новости Казахстана
Астанада автобус жүргізушісі қоғамдық көлікке ие бола алмай, жылы аялдамаға соғылған деп хабарлайды Elordainfo-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан №20 үйдің маңында болған.
Алдын ала болжам бойынша, жердің тайғақ болуынан жүргізуші рөлге ие бола алмаған көрінеді.
Астана LRT баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан бір жолаушы жарақат алып, №2 қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылған.
Басылым қала тас жолына көктайғаққа қарсы арнайы заттардың себіліп жатқанын да айта кетті.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz