Тапқыр достар
Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тапқыр достар
Автор: Сиванбаева Шнар Ермековна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: 2 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-05
Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірмеде,ашық сабқтарда,сабақтан тыс уақытта танымдық ойын ретінде қолдануға болады
І — топ «Достық» тобы.ІІ — топ: «Дарын» тобыІІІ — топ: «Білім» тобыСайысымыздың шарттары:1. «Ойна да ойла» (сұрақ-жауап)2.Білгенге маржан(Бейнесұрақ) 3.Қарама-қарсы4.Қызықты сұрақтар5.Айырмашылықты тап6. Алты қима 1 сурет7.Фигуралар8.Білгіштер9.Менің қиялым (сурет)Әр кезеңнің тапсырмаларын дұрыс орындаған топқа көңілді смайликтер беріліп отырады.Сайыс соңында көңілді смайликтерді көп жинаған топ жеңіске жетеді.Ендеше,сайысымыздың 1-кезеңін бастаймыз. «Ойна да ойла» (сұрақ-жауап)Бұл кезеңнің шарты: -Әр топқа өткен тақырыптар бойынша 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 көңілді смайлик.1-топ «Достық»2-топ «Дарын»3-топ «Білім»1.Бір жылда неше мезгіл бар және оларды ата2. Неше септік жалғауы бар? (7 , жауабын үш тілде айту)3.Елбасымыз кім?4. Күзде жаңбыр жауады,ал қыста не жауады? 5. Жабайы жануарларды ата6. Жіппен келеді, үзсең сөнеді. (электр тоғы)7.Дауыссыз дыбыстар нешеу, ұяң дыбыстарды ата.
1. Бір аптада неше күн бар,оларды ата2.Еттен ішекке тығылып жасалатын тағам?3. Адам жүрегі минутына қанша рет соғады? (65-67 рет)4.Шөптің бетіндегі таңертеңгі тамшы?5. Ұйықтап жатып не көресің?6. Дауыссыз дыбыстар нешеу, қатаң дыбыстарды ата.7.Ел рәміздерін ата
1.Шағала сөзінде неше дауысты дыбыс бар?2.Мұз айдынында топқа бөлініп ойнайтын спорт түрі?(хоккей)3.Адам тыныс алу үшін қажетті газ (оттегі)4.Ойында біреу, орындықта екеу, адамда жоқ, ықылықта үшеу? (ы)5.Екі апа, екі қыз және әже. Барлығы нешеу? (5)6.Екі таяқшаны орнынан қозғап,үш үшбұрыш құрастыр.7. 2 қоянның құлағы нешеу?-Жарайсыңдар! 1-кезеңнен өттіңдер.Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Білгенге маржан»(Бейнесұрақ)Шарты: Топ мүшелері кубикті айналдырады.Қай түс түссе,сол түстегі бейнесұраққа жауап береді.Бейнесұрақта мульфильм немесе ертегіден үзінді көрсетіледі,сол ертегі мен мультфильмнің атын атау керек.
3-кезең: « Қарама-қарсы»Шарты: Берілген сөздердің қарсы мәнін айту. Мысалы: ауыр-жеңілТақтадан әр топқа 5 сурет көрсетіледі.4-кезең: «Қызықты сұрақтар»Балаларға астарлы сұрақтар беріледі: Әр топқа 5 сұрақ1-топ «Достық»1.Ол орманда өседі (Саңырауқұлақ, шырша, ағаш т.б)2. Ол жауыннан қорғайды (қолшатыр)3.Оған оқу құралдары салынады. (Сөмке)4.Ол жауыннан кейін шығады (Кемпірқосақ)5. Ол гүлге қонады (Көбелек)2-топ «Дарын»6.Ол қыста жауады (Қар)7. Оның 3 көзі болады (Бағдаршам)8. Оған бормен жазады (тақта)9. Бұл мезгілде шанамен ойнаймыз (қыста)10. Мысықтан қорқады (тышқан)3-топ «Білім»11. Бананды жақсы көреді (Маймыл)12. Ол үреді (Ит)13. Ол ериді (Қар,балмұздақ)14. Оның мойны ұзын болады (Керік)15. Ол мектепке барады (Оқушы)5-кезең «Айырмашылықты тап» -Әр топқа 1 тапсырма беріледі.Балалар тапсырмадағы 2 суреттің айырмашылығын табады.6-кезең «Алты қима 1 сурет»-Әр топ өздеріне берілген қима суреттерден 1 суретті құрастырып шығару керек.7-кезең. «Фигуралар»-Әр топқа әр түрлі фигуралар беріледі.Фигураларды пайдаланып 1 сурет жапсырып шығу керек.8-кезең «Білгіштер»—Топтар бір-бірімен жаттау айтып жарысады.Қай топ көп жаттау білетінін байқаймыз.9-кезең «Менің қиялым (сурет)»-Бұл кезеңде әр топқа жартылай салынған сурет беріледі.Әр топ сол суреттің жалғасын бояу қаламсыз,краска щеткасыз салу керек.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар.Бүгін сендердің білімдеріңе,қиялдарыңның жүйріктігіне көз жеткіздік.Қарап отырсам алдарыңда көңілді смайлик толып қапты.Бұл сендердің білімдеріңнің нәтижесі. «Терең білімнің алып дарынды бала болыңдар және ешқашан достықтарың үзілмесін».Бүгін сендер топ болдыңдар,дос болдыңдар және де ұйымшылдықтарыңды көрсете білдіңдер.Мен бүгін 3 топтың да біліміне риза болдым.Сондықтан 3 топқа да керемет деген баға қоямын.Ал сендерге бүгінгі белсенділіктерің үшін мына сыйлықтарды тарту етемін. Өмірлерің гүлдей жайнап,бұл қаламсапты тек білім жолына пайдаланып жүріңдер.
Балалар:Қайраттанып ғарышта,Озып шыққан жарыстан.Батыл бол, жасыма!Самға биік алысқа,Тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Біз сіздермен қоштаспаймыз, білімді ұрпақтарымыздың додасында жүздескенше!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.