АҚШ губернаторы жұма намазына қатысты

0

Астана. 5 ақпан. KAZISLAM – Өткен жұмада Бостон мешітінде өткен жұма намазына Американың Массачусетс штатының губернаторы Чарли Бейкер қатысты.

Boston Herald басылымының хабарлауынша, АҚШ саясаткері жұма намазда имамның уағызын тыңдады, содан соң көпшілік алдына шығып сөз сөйледі.

Айта кету керек, губернатор мұсылман жамағатына «сәлем» жолдап, өз баяндамасында әртүрлі конфессияларда өзгешеліктен гөрі ұқсастықтар көп екенін атап өтті.

Массачусетс штатының губернаторы Чарли Бейкердің айтуынша, адамзат баласының тілі де әртүрлі болуы мүмкін, алайда «ой, мақсат, болашаққа ұмтылыс — ортақ».

АҚШ саясаткерлері мешіт жамағатымен осындай деңгейде жиі жүздесе бермейді. Оның үстіне Чарли Бейкер мұсылмандарға сыни көзқараспен қарайтын республикалық партия мүшесі.








Дереккөз: http://kazislam.kz/