Мұсылман қызы Apple компаниясын хакерлер шабуылынан қорғады

0

Астана. 5 ақпан. KAZISLAM – Фатима аль-Харби есімді саудиялық қыз кәсібилігі үшін жоғары марапат иеленді. Ол Apple қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуының алдын алды, деп хабарлайды Isam.ru.

Калифорния университетінің компьютерлік бағдарламалау саласында жоғары білім алған аспирант Фатима аль-Харби Apple жүйесінен үлкен қателік тауып, корпорация басшылығына дереу хабар берген.

Қазіргі уақытта Фатима аль-Харби Калифорнияда диссертация қорғауға және Apple ИТ-сарапшылары тізіміне енуге дайындалып жүр. Бұл өз кезегінде оның жаңа ғылым саласында үлкен қадамдар жасауына жол ашады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/