Қызыл жарты ай тәулігіне 63 мың адамға көмек көрсеткен

0

Астана. 5 ақпан. KAZISLAM – Түркияның Қызыл жарты ай қоры 2018 жылы 23 миллион адамға немесе тәулігіне 63 мың адамға көмек көрсеткен, деп хабарлайды ұйым басшысы Керем Кынык.

Оның айтуынша, биыл ұйым қызметін жандандырып, тәулігіне 70 мың адамға көмек беру жоспарланған. Керем Кынык Қызыл жарты ай қоры аясында іске асырылып жатқан Red Crescent Card бағдарламасына назар аудартты. «Red Crescent Card – әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған ауқымды бағдарлама. Осы желі бойынша Түркияның Қызыл жарты ай қоры елдегі 2 миллионға жуық босқынға қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл босқындар – әлемнің 70 елінің азаматтары» деп атап өтті ол.

Ұйым басщысы мектеп жасындағы 400 мың босқын балаға көмек беру бағдарламасы туралы айтып өтті. «Әлеуметтік қолдау адамдарды қоғамға бейімдеуге, олардың заңды аттап өтпеуіне көмектеседі. Бүгінгі күнде Түркиядағы босқындар арасындағы қылмыстық көрсеткіштер 1,3 пайыз, ал жергілікті халық арасындағы қылмыс – 3 пайыз. Біз осылайша Түркиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып отырмыз» дейді Кынык.








Дереккөз: http://kazislam.kz/