Батыстағы әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтың жауапты сынағынан өтуде

0

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында белсенді жауынгерлік даярлық үрдісі жалғасуда. Осы күндері оқу орындары мен директриссаларда топшалар мен бөлімшелер іс жүзінде атыс жаттығуларын өткізді.

Жауынгерлік үйлесімділік шеңберінде бөлімшелер шолғындағы, торуылдағы бөлімше, шабуылдау кезіндегі топ құрамында атыспен қамтамасыз ету кіші тобы, іздестіру кезіндегі топ құрамындағы кіші топ, сондай-ақ бөлімшелер мен кіші топтардың практикалық жауынгерлік оқ атулары сияқты оқу сұрақтарын пысықтады. 

Жауынгерлік оқ атуды жүргізу үшін бөлімшенің барлық қару түрлерінен атыстың жүргізілуін көздейтін жағдай жасалды. Бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуларын өткізу тақырыбы мен уақытын жауынгерлік даярлық бағдарламасын негізге ала отырып, рота командирлері айқындады. Осы жолы оқ атулардың 30 %-ы түнгі уақытта өткізілді.

Жауынгерлік оқ атуларды өткізу кезінде негізгі назар бірлескен іс-қимылдарды жүргізудегі мамандардың шеберліктері мен машықтарына аударылды. Бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуы – бұл бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі мен атыс дағдысының шешуші кезеңі болып табылатын тактикалық дайындыққа оқытудың жоғары үлгісі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/