Астанада өрттен көз жұмған бес қыздың жерлеу рәсімі қай жерде өтеді? — новости Казахстана

0

Астана қаласының әкімдігі өрттен көз жұмған бес баланың соңғы сапарға шығырып салу күнін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес қыз баланы жерлеу рәсімі мен жаназа асы 5 ақпан күні Тілендиев көшесі 29/1-де орналасқан «Көктал» мейрамханасында өтеді.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап,тексеру жүргізуді тапсырды.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны ескертілген.

Дереккөз: kaz.nur.kz