Өтеген батыр дастаны, Жамбыл Жабаев, батырдың бейнесі

0
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанындағы батырдың бейнесі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жырдан батырдың бейнесін тауып талдау жасату, «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын, идеясын ұғындыру.
Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды оқып, талдай білуге, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, сөйлей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір — бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: білімді бекіту, жүйелеу.
Көрнекілігі: сұрақтар, жыр, тапсырмалар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топтарға бөлу Ітоп: Ақындар ІІ топ: Зерттеушілер ІІІ топ: Білімділер
Тәлім сәті:
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
Үй тапсырмасын сұрау.
Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау
1. Оң жақтаға «10» — Ж. Жабаев қай жылы қай жерде дүниеге келген? (1846)
2. Оң жақтағы «20»- Жетісу ақындарының ішінде кімнен бата алған? (Сүйінбай)
3. Оң жақтаға «30» — Соғыста қайтыс болған ұлының аты кім? (Алғадай)
4. Оң жақтаға «40» — Қай жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді? (1941)
5. Сол жақтаға «10» — 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске арнап жазған өлеңдерін ата (Зілді бұйрық, Патша әмірі тарылды)
6. Сол жақтағы «20»- «Ленинградтық өренім» өлеңінің бір шумағын жатқа айт
7. Сол жақтаға «30» — 1936 жылы Правда газетінде жарияланған өлеңін ата (Туған елім)
8. Сол жақтаға «40» — Ж. Жабаевтың эпикалық туындыларын ата ( Өтеген батыр, Сұраншы батыр)
9. Сол жақтағы «50» — Ж. Жабаевтың өлеңдерін ата
10. Оң жақтағы «50»- 35 жасында 1881 жылдың күзінде Іле бойындағы үлкен жәрмеңкеде Жамбыл атақты ақынмен айтысып жеңіске жетіпті осы ақынды ата (Құлманбет)

ІІ. Жаңа сабақ
І топ Ақындар жырдан үзіндіні жатқа айтады. Бір шумақ өлең құрастырады
ІІ топ: Зерттеушілер жырдан жер, су атауларын тауып оқу картадан көрсету (Картамен жұмыс: Қазақстанның географиялық картасынан Жиделібайсын жерін оқушыларға көрсету). Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым заманаларға көз жіберсек, Жиделібайсын жері – осы жер.
ІІІ топ: Білімділер «Талдау» стратегиясы.
Жырдан Өтеген батырдың бейнесін тауып оқу, Өлең құрылысына (бір шумақ) талдау жасау
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау.
1) Оқиғаның басталуы.
«Алып келсем елімді
Жиделібайсын жеріне
Қалмас еді — ау арманым».
2) Оқиғаның дамуы.
«Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
Ел — жұртын аман — есен көрді дейді».
3) Оқиғаның шиеленісуі.
«Егер де айтқаныма көнбесеңдер
Бұл жерді ақырында алар орыс».
4) Оқиғаның шарықтау шегі.
Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы.
5) Оқиғаның аяқталуы.
Өтеген батырдың еліне өкпелі болып, Түркістанға кетуі.

«Инсерт» әдісі бойынша: «Не білдім?, Не білгім келеді?» деген сұрақтар негізінде өз ойларың айтып, дәптер бетіне түсіру.
Не білдім? Не білгім келеді?
Тарихта аты аңызға айналған Өтеген батыр болғанын, оның өмір сүрген заманда халқы үшін не істегенін білдім. Өтегеннің тағы қандай ерлік істегенін білгім келеді.
Өтеген батырдың халқы үшін бәрін істеуге дайын екенін білдім. Өтеген өкпелеп Түркістанға кетіп қалғанда не істеді екен, соны білгім келеді.

«Еркін жауап» стратегиясы.
1) Батырдың арманы не?
2) Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен?
3) Шығарманың басты идеясы не?

«Бағалау парағы» бойынша оқушылардың баға қорытындысын шығару.
Үйге тапсырма:
«Өтеген батыр» дастанын қайталап оқып шығу

Дереккөз: http://bilimsite.kz/