Мұғалім оқушының киіміндегі жыртыққа бола тіл тигізіп, жылатып қойды

0

Мұғалім оқушының киіміндегі жыртыққа бола тіл тигізіп, баланы жылатқан

Ресейдің Сахалин облысы Холмск қаласындағы мектептердің бірінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі сабақ үстінде оқушы қыздың мектеп формасындағы жыртықты сынға алып, ұрысты.

«Ата-анаң бар ма? Бастары істей ме? Өзіңнің есің дұрыс па? Әлде сені асырап алған ба?», — дейді мұғалім оқушы қызға шүйлігіп.

Оқиғаны сол сабақта болған оқушылар видеоға түсіріп алыпты.

Астанада 70-тен асқан мұғалім оқушыларына қырындады

ASTV.ru порталы хабарлағандай, мектеп басшылығы ұстазбен әңгіме жүргізіп, мұғалім оқушы мен оның ата-анасынан кешірім сұраған. Ал бұл жайт енді ата-аналар жиналысында талқыланбақ екен.

Видео әлеуметтік желіде таралған соң Сахалин прокуратурасы тексерісті бастады.

Шетелдік қылмыскер Астанадағы элиталы мектепте мұғалім болып жүрген