САБАҚ |
Мектеп: А.Жами ЖОМ |
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Кенжеева Улбосын |
СЫНЫП: 10Тақырыбы: Қазақстан палеолит кезеңінде |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Адам баласының пайда болуы және оның дамуы, ежелгі тас дәуірі, тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру. |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: |
|
Мәтінмен жұмыс жасай алады, суретке қарап әңгіме құрастыра алады |
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Тақырыпты еске түсіру барысында оқушылардың басым бөлігі сұрақтарға жауап бере алады. Мәтінді талдай алады. |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады, салыстырады, шығармашылық тапсырмалар орындай алады |
Бағалау критерийлері:(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
Тірек тақырыптармен жұмыс жасай аладыКестемен толтыра алады, салыстыра алады.Сұрақтарға жауап бере алады. |
Тілдік мақсат |
Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым |
|
Терминология: палеолит, Homo sapiens |
|
Сөз тіркестері: тарихи кезеңдер атауы, тарихи уақыт шеңбері |
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» — бұл — тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. |
Пәнаралық байланыстар |
Биология, география |
АКТ қолдану дағдылары |
Графопроектор, бейнежазба |
Алдыңғы оқу/Бастапқы білім |
Тас дәуірін кезеңдерге бөлу |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
Басталуы |
Ұйымдастыру кезеңіҮй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап
Қазақстан аумағынан табылған материалдар ежелгі тас дәуірінің қай кезеңіне жатады? (Шелль – ашель кезеңіне)
Қазақ жерінде шелль-ашель кезеңінде адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қай аймақта болды? (Қаратау жотасы)
Ежелгі тас дәуірінің шелль-ашель кезеңіне жататын тас құралдар қай жерлерден табылды? (Оңтүстік-Батыс Қаратау жотасының баурайынан, Арыстанды өзенінің бойынан табылған)
Соққы беру үшін пайдаланатын жағы дөңес болып келген тас құралдар қалай аталады? (Клектон түрі деп аталады?)
Ірі шақпақ тастар мен жаңқаланған өзекшелер қалай аталады? (Нуклеустер)
Кіші Қаратаудың солтүстік-шығыс баурайынан табылған ежелгі тас дәуірінің қоныстары мен еңбек құралдарының саны (12 қоныс пен 5 мыңға жуық шақпақ тастан жасалған құралдар табылған)
Орта палеолит кезеңі адамзаттың қалыпты дамуының қайсы кезеңіне сәйкес келеді? (ашель-мустье кезеңі)
1868 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қандай адамның түрі табылды? (Францияның Кроманьон үңгірінен қазіргі кездегі адам түріне ұқсас түрі табылған. Оған Кроманьон адамы деген ат берілген)
Соңғы палеолит кезінде еңбек құралдарының жаңа түрлерінің шығуына не себеп болды? (Құрғақшылық жайлап, жануарлар дүниесі азайды. Ірі жануарлар қырылып, ірілі-ұсақты жануарларды аулау үшін құралдардың жаңа түрлерін ойлап табуға тура келді)
Тас құралдардан басқа тағы неден еңбек құралдары жасалды? (Сүйектен сабы, жүзі шақпақ тастан жасалған қарулар)
Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тұрақжайлары туралы не білесің? (ұсақ төбелердің үстіне жартылай жеркепелер салып, үй-жайларда өмір сүргендігі анықталды)
Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың шаруашылығы қандай болды? (Аңшылық, балық аулау, терімшілік)
Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы қандай болды? (Адамдар қауымдық бірлестікте өмір сүрді. Мұндай топтар тұрақсыз болды. Алғашқы рулық құрылыс – аналық рулық құрылыстан басталды)
|
Оқулық |
Ортасы |
Оқушыларға толтыру үшін кесте ұсынылады. Кестемен жұмыс |
Қазақстан картасы
Оқулық
|
Аяқталуы |
Сабақты бекіту.Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу. Сұрақтарға жауап іздеу.Оқушыларды бағалау. |
Смайликтер |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау |
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1.2. |