8-сынып Қазақстан Ресей империясының құрамында
8-сынып Қазақстан Ресей империясының құрамында
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында
Мектеп: Егіндібұлақ ЖОББМБК
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Айдынгалиева А.Р.
Сынып: 8 сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Патша өкіметі тарапынан бөліп алда, билей бер ұстанымы толықтай жүзеге асты ма?
Кәсіби даму мақсаты
Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдысын дамыту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.3.1.3-Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарларын анықтау және бағалау
7.3.1.4-Патша үкіметі әкімшілік реформаларының нәтижесіндегі әкімшілік аумақтық өзгерістерді түсіндіру
7.1.2.1-Өткен кезеңдермен салыстыра отырып, дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары
Ресей империясының отарлық саясатын талдайды
Патша үкіметі әкімшілік реформаларының себеп – салдарларын түсіндіреді.
Бағалау критерийлері
Реформаның бір себебін және екі салдарын анықтайды, баға береді;
Реформаның екі себебін және бір салдарын анықтайды, баға береді.
Тілдік мақсаттар
1867-1868 жж. және 1886-1891 жж. әкімшілік басқару жүйесінің тірек сызбасын салыстырып, талдайды (айтылым дағдасы).
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Реформа, қоныстанушы, десятина, шариғат, шоқындыру, миссионер
шіркеу, басыбайлы шаруа, жатақ, генерал – губернаторлық, облыс, уезд, болыс, ауыл
Бөліп ал да, билей бер ұстанымының мағынасы…
1867-1868жж. және 1886-1891жж. реформалардың мақсаты…
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы оқу; материалды білуге және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру.
Пәнаралық байланыстар
Дүние жүзі тарихы, География
АКТ қолдану дағдылары
АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)
Бастапқы білім
Оқушылар бөлімді меңгеру барысында 7.3A Отарлау және ұлт-азаттық күрес бөлімінде алған білімдеріне негізделеді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
8 минут
Тақтаға Франция королі ХІ Людовиктің айтқан сөзін: Бөліп ал да, билей бер (Diviser pour regner) және осыған байланысты карикатураны тақтаға шығарып қоямын. Оқушылардан осы сурет пен афоризмді қалай түсінетінін сұраймын.
Қажет болған жағдайда жетелеуші сұрақтар қойып балалардың ойларын толықтырамын.
Бұл ұстанымның ХІХ ғасырда Қазақстанға қандай қатысы болды? деген сұрақ қойып, 1822-1824жж реформаларды еске түсіріп жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың айқындауына мүмкіндік беремін. Тақырып ашылған соң, бүгінгі сабақтың мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстырамын.
Презентация
Қазақстанның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөлінісі картасы
http://e-history.kz/kz/scorm/course/235
8 минут
10 минут
10 минут
1867-1868 жж. әкімшілік басқару жүйесіне байланысты интерактивті тыңдалым ұсынамын. Оқушылар дәптерлеріне туындаған сұрақтарын, маңызды деген мәліметтерді жазып алуы қажет.
Зерттеу және талдау
Оқушыларға 1867-1868 жж. реформалар туралы ықшамдалған мәтінмен жұмыс жасатамын.
Мәтінмен жұмыс жасаудың критерийлері;
Хронологиялық тізбектер бойынша өзгерістерді анықтау;
Реформаның мақсатын анықтау;
Реформаның нәтижесіндегі орын алған территориялық өзгерістерді анықтау;
Қазақстанның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөліністі картадан анықтау.
1867-1868 жж. реформа бойынша кестені орындатыңыз.
Реформа
1867-1868 жж.
Өзгерістері
Нәтижесі
Өзіндік ой-қорытынды
Бағалау критерийлері:
1.Реформаның жүргізілу барысындағы өзгерістерді анықтай алса
2.Реформаның нәтижесі қандай болғандығын айқындай алса
3. Өзіндік ой-қорытынды жасай алса
Оқушылар өзара бағалау жүргізу арқылы бірін-бірі бағалай алады
4 минут
Мұғалімнің конструктивті кері байланысы жүзеге асырылады
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия
не есіңізде қалды?
не таң қалдырды?
не ерекше әсер етті?
Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жабыстырып, тақтаға іледі.
Үйге тапсырма.
Патша өкіметі тарапынан бөліп алда, билей бер ұстанымы толықтай жүзеге асты ма? атты тақырыбына оқушылардың жартысы интеллект-карта жасайды, қалған жартысы постер дайындайды
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.