Тәжікстанда жасөспірім әскери полигонда жарылысқа тап болды
Бозбала алған жарақаттар нәтижесінде оқиға орнында қаза тапты.
Рудаки ауданының кәмелетке толмаған тұрғыны Луяр әскери полигонында жарылысқа тап болды, деп хабарлайды Тәжік телеграф агенттігі.
«Қайғылы оқиға 3-ақпан күні Луяр әскери полигонында орын алды. Онда 201-ресейлік әскери базасының әскери қызметкерлері жиі оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп тұрады», — деп хабарлады ТР ІІМ.
Кеше, Рудаки ауданына қарасты Лохур ауылдық жамағатының тұрғыны 17 жастағы Раджабов Сироджиддин Нурмахмадұлы темір жинау мақсатында әскери полигонға барған.
Полигонда жүрген жеткіншек жарылмай қалған снаряд тауып алған. Ол оны бөлмекші болып, жарылғышты таспен ұрыпты. Салдарынан жарылыс болады. Жасөспірім алған жарақаттардың нәтижесінде оқиға орнында тіл тартпастан ажал құшқан. Аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Луяр» әскери полигоны Тәжікстанда пәтерлендірілген Ресейдің 201-әскери базасы әскери қызметкерлерінің жиі оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп тұратын орыны болып табылады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/