Ирак Сирияны Араб мемлекеттері лигасына қосуға шақырды

0

Астана. 4 ақпан. KAZISLAM – Ирак үкіметі Сирияны Араб мемлекеттері лигасына қайта мүшелікке қосуға шақырады. «Al-Masdar News» араб басылымының хабарлауынша, бұл туралы Мәскеуде өткен Ресей Қорғаныс министрі Сергей Лавровпен Ирак Сыртқы істер министрі Мұхаммед әл-Хакимнің бірлескен баспасөз конференциясында мәлім болды.

Ирактың сыртқы істер ведомство басшысының пайымдауынша, Сирия мүшелігін қалпына келтіру республикадағы дағдарысты реттеуге жол ашады.

Еске сала кетсек, Сирия Араб мемлекеттері лигасынан 2011 жылы, елде азаматтық соғыс басталған уақытта шығарылған. Сирияның лигаға қайта қосылуын бірқатар араб мемлекеттері, оның ішінде Тунис пен Египет те қолдап отыр.








Дереккөз: http://kazislam.kz/