Қарапайым қазақ 500 мың тапса, 5 баласы өрттен көз жұма ма?

0

Тілсіз жау… 5 бірдей сәбиді жалмап кетті. Бұл аса ауыр қоғамдық теңсіздіктің, қазақ халінің мүлде тұралап тұрғанының бір көрінісі. Бір кісілер жақында ғана Қазақстандағы әр отбасының айлық табысы 500 мың теңге екенін айтып, әлемге жар салды.

500 мың теңге табысы бар отбасы 5 бірдей баласын өрт шалса әп-сәтте жоқ болатын тоқал тамда емес, қауіпсіздік көрсеткіштері талаптарға сай жақсы ауданда тұрған болар еді. 30 шаршы метр ғана болатын үйде 7 жан өмір сүріп келген.

Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, 2018 жылы Қазақстанда 14 мыңнан аса өрт болып, барлығы 846 адам жапа шеккен. Оның ішінде 436 адам қаза тапқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Өрттен 2017 жылы — 44 бала, 2018 жылы 34 бала мерт болған.

Сурет: azattyq.org

KzNews.kz