Темекіден бас тарту қатерлі ісіктің алдын алады
Астана. 4 ақпан. KAZISLAM – Ғалымдар темекіден бас тарту қатерлі ісікке шалдығудың алдын алады. Ал ислам ғалымдарының басым бөлігі бұл жағымсыз әдетті харамға жатқызады, деп жазады РИА Новости.
Неміс онкологиялық ғылым-зерттеу орталығы басшысы Михаэль Бауманның айтуынша, темекі шегу кең таралған үш тірлі қатерлі ісікке жол ашады. Сонымен қатар, ісіктің алдын алуға дұрыс тамақтану және физикалық тұрғыда белсенділік көп ықпал етеді екен.
Еске салсақ, бұған дейін Түркия дін істері басқармасының басшысы Али Эрбаш темекіге қарсы ұлттық бағдарлама аясында шылымқорларды Сауд Арабиясындағы қасиетті орындарға жібермеу туралы ұсыныс тастаған еді. Түрік мүфтиі мұсылман адам темекіге тәуелділіктен арылуы тиістігін атап өтті. Сондай-ақ ол «Үлкен және кіші қажылыққа темекі шекпейтін азаматтар жіберілетінін, сондай-ақ темекіге тәуелді адамдар қажылықта жетекші және дін қызметкері бола алмайтынын» ескертті.
Ал ғалымдар темекі шегетін әкелерден туатын балалардың 51%-ында өсе келе өзге балаларға қарағанда ұрық көлемі кем болатынын дәлелдеді.
Дереккөз: http://kazislam.kz/