Сабақ тақырыбы |
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.Т/Ж3 — көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу |
Сабақтыңмақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлердің әрекетін жіктейді.Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіреді, кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді. |
Тілдікмақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіпкерлер әлемі, тура және жанама мінездеуДиалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: типтік бейне, жиынтық бейне, мінезі, көзқарасы, жағымды әрекеті т.б. |
ҚұндылықтардыИгерту |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие. |
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, география |
Бағалау критерийі |
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.
Өз көзқарасын білдіреді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
Алдыңғы білім |
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Уақыты |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу |
Ресурс
|
Сабақтың басы |
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу2.Психологиялық ахуал: «Ақ тілек» «Конверттегі сұрақ»
Бауыржан туылғанда берген көпшіліктің, атасының батасы қабыл болды ма? Ойларыңмен бөлісіңдер.
«Даланың дарқан балабақшасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек» дегенді қалай түсінесіңдер?
|
|
Сабақтың ортасы |
|
1-тапсырма. Жеке жұмысӘңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің әңгімедегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты қорытынды жасаңыз.
Дескриптор:— кейіпкердің портреттік бейнелерін тауып жазады.— кейіпкердің ең маңызды үш әрекетін анықтайды.— анықталған ақпараттар негізінде кейіпкер туралы ой қорытындысын екі сөйлеммен жеткізеді.2-тапсырма Кейіпкер портретіОқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі3-тапсырма «Т» кестесіӘрекеттерінің пайдалы тұстары Ұрымтал тұстары
ҚБ: Шапалақ
|
https://bilimlandkz/kk#lesson=8077 |
Сабақтың соңы |
|
Хабарлама «Facebook»Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады: стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі. |
|