полигонға жасырын кірген бала қаза тапқан
Азияда
Қысқа сілтеме алу
Тәжікстандағы ресейлік әскери полигонның аумағында қайғылы оқиға болды
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Тәжікстанда 201-ші ресейлік әскери база аумағында оқ-дәрі жарылысынан тоғызыншы сынып оқушысы ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
Бастапқы тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, Рудаки ауданының тұрғыны 16 жастағы Сироджиддин Раджабов полигон аумағына жасырын кіріп, темір-терсек жинамақ болған. Өкінішке орай, оқ-дәрі жарылып, жасөспірім қаза тапты.
Оқиғаға қатысты басқа деректер жарияланған жоқ.
Ресейдің 201-ші әскери базасы – Орталық әскери округ құрамындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскери бөлімі. База Тәжікстанда орналасқан.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/