Сауат ашу: Буын

0









Сауат ашу: Буын

Автор: Жумаханова Гулжайна Алдабергеновна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-03


Материал туралы қысқаша түсінік

Сауат ашу сабағындағы оқушыларға буын туралы толық түсінік беру буынның түрлерін айыра білу




Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы. 

МАД Тәрбиеші: Жумаханова Г Уақыты:12.10 Кабинет:10
Тақырыбы Бәріміз тақпақ айтамыз.Буын
Сабақтың мақсаты Білімділік: Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.Дамытушылық: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатының түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру, балалардың ой — өрісін, ойлау қабілетін, сауат ашу пәніне деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, плакат суретті үлгі құралы – қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.
Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
        Психологиялық ахуалды қалыптастыру    Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір — бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарынды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме?Мысалы:Менің атым – Алтын,Аспанымыз ашық болсын.Менің атым — Альбина,Бәріміз дос болайық.Менің атым – Арсен,Мамаларымыз аман болсын.Менің атым – Арлен,Көңіліміз шат болсын. Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру        Жаңа сабақ     ІІ. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.— Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са — ра.— Бірінші буынын кім айтады?— Бірінші буыны Са.— Екінші буыны – ра.— Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебі екі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А — ша.ІІІ. Ойын: «Жоғалған буын».Балаларды екі топқа бөлу.— Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.Ойынның шарты: жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір — бірден ойыншық қойылады.— Ал, енді ойынымызды бастайық:Үй, -, бө — — не, қар -, сауыс -, тыр -,кө -, тор -, бүр -.Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі. Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті Қане, қане, тұрайық,Алақанды ұрайық,Бишілерше бұралып,Дөңгелене билейік,Домбыраны қолға алыпӘжем айтқан ертегініКүйшілерше шертейік.Әсем әуен сазыменӨнерді біз жалғайық. Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  V. Сөйлем құрастыру.Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге жазайыққарлығашұя.VI. Қол жаттықтыру жұмысы.VII. Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: «Сара» сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.VIІI. Дәптермен жұмыс.Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.— Бұл өрнек неше торкөзден құралған?Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.IХ. Буындардан сөз құрау.Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ — зақ, көкек, қар — лы — ғаш, тор — ғай, тыр — на, боз — тор — ғай.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.Ұзақ – жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.Х. Қорытынды: «Сөз өзгеру» ойыны. Буынға әріпті қосу арқылы жаңа сөз шығару.ташаса қатодоАлдарындағы әріптер қалтасынан қажетті буын, әріптерді тауып, сөзді құрастырып, оқи біледі. Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.
Өзіне үйренгені Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.
Үйрену   Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.