Гүлзира Айдарбекова асыға күткен немересіне ерекше есім қойды (фото)

0

Гүлзира Айдарбекова өзінің жаңа туған немересінің есімін кім деп қойғанын айтты. Бұл туралы продюсер өз Instagram парақшасында жариялады.

Айдарбекова өз жазбасында көптен күткен немересінің жұма күні туылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, ол Аянның қызына Ақмөр есімін қойғанын жеткізді. Ол осы уақытқа дейін бұл есімді басқа немерелеріне қойғысы келгенін, алайда қазірге дейін еш реті келмегенін де айтқан.

«Жұма күні, намаз басталарда дүние есігін ашқан немеремді Ақмөр деп атадым. Олай деуімнің себебі: Анам қыз тусаң, атын осылай атасаң екен деп еді. Бұл сөздің мағынасы қалай дегенімде: Алланың жіберген таңбасы деген болатын», — деді Айдарбекова жазбасында.

Продюсер құттықтаған жандардын барлығына алғыс айтыпты.