Баланың жүрегіне жол табар кілт
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығыныңқыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Көрнекіліктер: Қанатты сөздер,суреттер , гүлдер, шарлар. »
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін, Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Армангүл. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, Думан. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстазымыз Гүлнар Набигалиевна сізді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
ІІ жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашық деп жариялаймыз.Ендеше өз жанынан топ жетекшімізге арау өлең шығарған Сарсенбаева Айым мен Кеңесов Нұржанды ортаға шақырайық.
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші: Олай болса ұстазымыздың құрметіне керемет бейнебаянымызды ұсынамыз! (Видеоролик)
ІІ жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып, Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік кезекті керемет әнге кезек береміз!
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі» — деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде? І жүргізуші: Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Армангүл, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік кезекті кішігірім ойынға арнайық!ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын. І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін.
ІІ жүргізуші:Армангүл, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың, Думан. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор. Олай болса ұстазымызға арналған қызықты суреттерге назар аударайық.
ІІжүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, дей келе тобыңыздың даярлаған жылы лебізін қабыл алыңыз!
І жүргізуші: Колледж үйім, ұстаздарым ата – анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, Тамырлары сан тарапқа тараған.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімімен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
І жүргізуші: Құрметті топ жетекшіміз және болашақ ұстаздар! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз. ІІ жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.