Қарапайым құпия

0
Қарапайым құпия казакша Қарапайым құпия на казахском языке

Фолий қышқылы өзге дәрумендерден гөрі иммунитетті жылдамырақ түзейді. Жүрек жұмысын жақсартады. Қан тамырлардың саулығын қамтамасыз етеді. Барлық мүшенің жұмысына игі әсер етеді. Әсіресе, шаштың жақсы өсуіне кепіл бола алады.
Фолий қышқылы В6 және В12 дәрумендерімен қосылып, көз ауруларының 30% -ның алдын алады. Фолий қышқылы терінің түсін қалыпты етеді. Пантотен және парааминбензой қышқылдарымен қосылса, шаштың ағаруына кедергі болады. Бұл дәруменді жүктілік кезінде көп ішкізеді. Жүктілік кезінде фолий қышқылын күнделікті 400 мг мөлшерінде қабылдайды.
Көп жылдан бері жасалып келе жатқан сан алуан зерттеулер нәтижесінде, бұл дәруменді ұзақ уақыт пайдаланып келген адам жүктілік кезінде көп қиындықтан құтылатыны дәлелденген. Әсіресе, жасы келіп күйеуге шығып, жүкті болған әйелдер үшін фолийдың маңызы зор. Оның әйел ағзасына пайдасы орасан. Фолий қышқылы әйел ағзасындағы барлық балансты сақтауға көмектеседі.
Фолий қышқылын үнемі пайдаланған әйелдің жатырындағы шарананың омыртқасы дұрыс дамиды. Омыртқаның дұрыс дамуы жүйке жүйесінің мықты болуына себепші болады. Кейбір әйелдерде кездесетін босанудан кейінгі күйзеліс кезінде де фолий қышқылы таптырмас ем. Әйелге керекті ең басты дәрумен осы В9 дәрумені. Осы дәрумен жетіспесе, әйелдердің көбею мүшелері өз жұмысын дұрыс атқармауы мүмкін.
Жасөспірім шақта қыз баланың жыныстық мүшелерінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Бетіне шығатын безеуден құтқарады.
Бұл дәрумен ер азаматтарға да керек. Ол тестостеронмен қабаттаса жүреді. Ұрықтың дамуына үлес қосады. Бозбаланың жыныстық мүшелері дұрыс қалыптасуына, дауысының зораюына, сақал-мұртының шығуына да осы фолий қышқылы әсер етеді.
Фолий қышқылының жиі кездесетін өнімдері: бұршақтар, салаттар, саумалдық, орамжапырақ, көк пияз, көк бұршақ, бадана, соя, қызылша, сәбіз, қызанақ, кебегі бар ұн, кебекті ұннан жасалған тоқаштар, қарақұмық, сұлы, бидай, ашытқы.
Малдың бауырында фолий көп кездеседі. Сонымен қатар бүйректе де мол. Одан бөлек ірімшік, жұмыртқа, сүзбе, уылдырықта көп.
Дегенмен, фолий қышқылының орнын толтыру үшін бір күнде өте көп мөлшерде азық-түлік тұтынуға тура келеді. Ал, кей адам үшін ол мүмкін емес. Сондықтан олар фолий қышқылын дәрі ретінде қабылдайды.