Ақпанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда 43 градус аяз күтілуде — новости Казахстана
«Қазгидромет» РМК өкілдері 2019 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына, бірінші онкүндіктің ішінде барлық аумақтағы ауа райы нашарлауы мүмкін. Мәселен жауын-шашын, кей жерлерде желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, республиканың солтүстік бөлігінде басым түрде боран, оңтүстік бөлігінде тұман және көктайғақ күтіледі.
Бірінші онкүндіктің ортасында Батыс Сібірдің аудандарынан батыстан шығысқа қарай суық антициклон жылжып, температураның төмендеуіне әкеледі.
- Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде 20…30 аязға дейін, күндіз 15…23 аязға дейін;
- Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 33…43 аяз, күндіз 25…33 аяз;
- Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 18…28 аяз, күндіз 5…15 аяз;
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, антициклонның ықпалымен алдағы екі онкүндікте күн салқын, жауын-шашын аз болады, тек кей күндері белсенді циклондар мен онымен байланысты жаппай бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Нәтижесінде республиканың басым бөлігінде бір ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1…2°С төмен болады, тек республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – климаттық нормаға жуық болмақ.
Жауын-шашынның айлық мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжануда, ал қалған аумақтарда нормаға жақын және жоғары.
Дереккөз: kaz.nur.kz