Медведев қазақша сөйледі. Алматыдағы форум нені көздейді?
Ресей федерациясы үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Еуразия үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы барысында алғы сөзін қазақ тілінде бастады.
«Қайырлы кеш, қазақ тілінде жаттықтығуды ұмытпау керек», — деп атап өтті өз сөзінде Медведев.
Ресей үкіметбасы бұл сөзді шын ниетімен айтып отырмағаны белгілі. Ортақ валюта, ортақ нарық, ортақ тіл мәселелері күн тәртібінен түспей тұрғанда, ЕАЭО Қазақ тәуелсіздігіне үлкен қатер.
Алаш жұртының арыстарын желкесінен қиған қызыл империяның заңды мұрагері болып отырған ел әуелгі ниетінен, бодандықта басыбайлы етіп ұстау ойынан әлі айныған жоқ.
Қазақ мүддесі тұрғысынан әлемге көз жүгіртіп, ой өргізер билік пен тұлға қазіргі таңда керек-ақ!