Алаш Автономиясы 9-сынып

0









Алаш Автономиясы 9-сынып

Автор: Габбасова Нурсауле Хайроллақызы

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-02


Материал туралы қысқаша түсінік

тарих пәні мұғалімдеріне




Тексерілді:Оқу ісінің меңгерушісі:Пәннің аты: Қазақстан тарихы Сынып 9Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұлттық автономиялар Сабақтың мақсаты: Білімділік. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы орын алған саяси оқиғалар, Алашорда үкіметінің құрылуы, қазақ зиялылары, олардың атқарған қызметі туралы білім беру.Дамытушылық: Өткен сабақтағы материалмен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айыра білуге баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту және ой — өрісін дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап.Сабақтың түрі: ашық сабақКөрнекілік: карта, сызбаСабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу

«Мен қалаймын——» психологиялық тренингін өткізу.(Оқушылар бүгінгі Қазақстан тарихы пәнін қалай өткендігін қалайтынын күннің шуақтарына жазады).

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

Әр түрлі түсті стикерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу1-топ: «Алаш айнасы» 2-топ: «Алаштанушылар»3-топ: «Алаш ұрпағы» Әр топ берілген тапсырма бойынша талдау жұмыстарын жасап, өз тапсырмалары бойынша постер қорғайды.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты қорытындылау:І. Сен білесің бе? (жаңа термин сөздердің мағынасын ашу)1. Революция (төңкеріс) — белгілі бір топ адамдардың мемлекеттік билікті басып алуы немесе ескі биліктің орнына жаңа биліктің келуін атаймыз.2. Социализм – латын тілінен аударғанда «ортақ, тең» деген мағынаны береді.3. Партия — ( лат. бөлік, топ) идеялары мен көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.4. Алаш – қазақ деген ұғымды білдіреді.5. Автономия – бір мемлекет ішінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттыққұрылым.6.Зиялылар – латын. түсінетін, саналы, ойлаушы, яғни ой еңбегімен, мәдениеттідамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.ІІ . Сәйкесін тап.

Партияның аты Мерзімі Партия басшысы Газеттері Шыққан қаласы
1. «Алаш» 1905,1917 Ә.Бөкейханов «Қазақ» Орынбор
2. «Кадет» 1917 Либерал-демократтар «Еркін сөз» Семей
3. «Үш жүз» 1917-1918 Көлбай Тоғысов «Үш жүз» Омбы
4. «Шура-ислами» 1917-1918 М.Абдурашидханов «Шура-ислами» Ташкент

ІІІ. Венн диаграммасы.«Алаш» партиясы мен «Үш жүз» партияларының ұқсастығы мен айырмашылықтары.

«Алаш» партиясы Ұқсастығы «Үш жүз» партиясы
1.Уақытша үкіметті қолдады 1. 1917 жылы құрылды. 1. Кеңес үкіметі жағында болды
2. Нақты бағдарламасы бар, халыққа танымал өкілдері болды, өмір сүру кезеңі ұзағырақ болды. 2. Өздерінің көздеген мақсаттары, бағдарламалары болды. 2. «Алаш» партиясының дәрежесіне жете алған жоқ, себебі қазақ халқына танымал, әрі кеңінен насихаттауға мүмкіндігі болмай, өмір сүру кезеңі қысқа болды.
3. Мүшелері –либерал-демократар( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.с.с. дарынды зиялылар болды) 3. Жетекшілері көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары. 3. Партия біртұтас болмады, сондықтан мақсатына жете алмады.(сол қанатын К.Тоғысов басқарса, оң қанатын М.Әйтпенов басқарды)
4. «Автономия» туралы пікірлері – «көпұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішіміздегі орыстар оны қолдайды» деп үміттенді. 4.Екі партия қайраткерлерінің де армандары бір, ол тәуелсіздік 4. «Автономия» туралы пікірлері – «көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата қоймайды» деп есептеді.
5.Дін ісін мемлекет ісінен айыруды көздеді. 5.Бағыттары мақсаттарына бейбітшілік, демократиялық жолмен қол жеткізу. 5.Дінге үлкен құрметпен қарап, қазақтың болашақ заңына шариғат қағидаларын енгізуді ұсынды.
6. «Қазақ» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды. 6.Өз бағдарламаларын халыққа өз газеттері арқылы жеткізіп отырған. 6. «Үш жүз» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды.

Жаңа тақырыпты түсіндірудің жоспары: Жаңа сабақ Жаһанша Досмұхамедовтың «ЕНДІГІ ЖЕРДЕ ҚАЗАҚТЫ — ЕЛ ТҰРМЫСЫН, ТІЛІН, МІНЕЗ — ҚҰЛҚЫН, ӘДЕТ — ҒҰРПЫН БІЛЕТІНДЕР ҒАНА БАСҚАРАДЫ» деген эпиграф сөзімен бастаймын. Қызығушылығын ояту мақсатында ІІ Жалпықазақ съезінің қаулысы талданып болған соң, қорытынды ретінде «Алаш Орда» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі. (фильмнің мазмұны – ІІ Жалпықазақ съезінде қабылданған қаулылар мазмұнын Жаһанша мен Халел Досмұхамбетовтердің Ленин мен Сталинге жеткізу үшін Мәскеуге барғандығы туралы ) бейнероликтен үзінді көрсетемін. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының қылышынан қан тамып тұрған заманда атқарған еңбектері орасан зор. Қазақ автономиясына қол жеткізген зиялылардың қазақ жерін ҚАКСР-інің қарамағына біріктірудегі еңбектері ұшан-теңіз. Осылайша Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы болған Орынбордың (1920-1924ж.ж.) оның қалыптасу мен дамуында белгілі рөл атқарды. Қазақстанның астанасы болған қандай қалаларға тоқталсақ:

  • Орынбор 1920-1924ж.ж.
  • Қызылорда 1924-1929ж.ж.
  • Алма-Ата 1929-1997ж.ж.
  • Астана (Ақмола) 1997-2011ж.ж.

Ал енді, «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы Бөкейханов Әлихан Нұрмұхаммедұлы туралы дерекке назар аударайық:

1. Туған жері Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.
2. Ата-тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған. Арғы атасы – атақты Көкжал Барақ.Көкжал Барақтан Бөкей, Бөкейден –Батыр, Батырдан –Мырзатай, Мырзатайдан- Нұрмұхаммед.
3. Мамандығы Экономист
4. Білімі 1894 жылы Санкт-Петербург орман институтының экономика факультетін бітірді.
5. Атқарған қызметі «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы, 250-ден астам мақала, аудармалары жарық көрген, алгебра оқулығының авторы.
6. Өмірінің соңғы күндері 1922 жылдан бастап Мәскеуде бақылау астында тұруға тиіс болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы сотының үкімімен ату жазасына кесілген.

1920-1940 ж.ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды. 1997 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Еліміздің тәуелсіздігін алу үшін, өз үлесін қосқан барлық ХХ ғ. басындағы өмір сүрген қазақ зиялыларының еңбегі зая кетпеді деп толықтай айта аламыз.«Мәтін бөліктері» ойыны. Мәтінді оқуға топтарға 3 минут уақыт беремін.Оқып болған соң «Балық қаңқасы» беріліп, тапсырмалар орындалады.1 топқа-«Балық басы». «Алаш айнасы» тобына — ІІ Жалпықырғыз — қазақ съезінде Алаш автономиясын құрудан басқа қандай мәселелер қарастырылды?2 топқа-«Қаңқасы» . «Алаштанушылар» тобына – ІІ Жалпықырғыз — қазақ съезінде Алаш автономиясын құру мәселесін талқылау3 топқа-«Құйрығы» . «Алаш ұрпағы» тобына — ІІ Жалпықырғыз — қазақ съезінде Алаш милициясы мәселесін талқылау тапсырмалары берілді.Әр топ берілген тапсырма бойынша талдау жұмыстарын жасап, өз тапсырмалары бойынша постер қорғайды.

Сабақты бекіту.Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша жаңа сабақты тексеру тесті1. Қазақ зиялылары партия құру әрекетін қай кезде қолға алды?А) Бірінші орыс революциясы жылдарындаВ) Ақпан буржуазиялық — демократиялық революция кезіндеС) Қазан төңкерісі кезінде D) Азамат соғысы жылдарында2. 1905 Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі қандай партия құру туралы шешім қабылдады?А) «Қазақ конституциялық — демократиялық партиясын»В) «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясынС) «Үш жүз» партиясын D) «Эсерлер» партиясын3. Қазақтың тұңғыш ұлттық — демократиялық партиясыА) Үш жүз В) Кадеттер С) Алаш D) эсерлер4. Қай съезде қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қаралды?А) Сырдария қазақ — қырғыз съезінде В) 5 — 13 желтоқсандағы ІІ Жалпықазақ съезіндеС) 21 — 26 шілдедегі І Жалпықазақ съезінде D) Жетісу қырғыз — қызық съезінде5. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы неше бөлімнен тұрды?А) 5 В) 8 С) 12 D 106. «Алаш» партиясының бағдарламасы қай баспада жарияланды?А) «Айқап» журналында В) «Қазақ» газетінде С) «Сарыарқа» газетінде D) «Жұлдыз» журналында7. «Алаш» партиясы бағдарламасының бөлімдерін жаз….8. 1917 жылғы қарашада өткен Бүкілресейлік Құрылтайға қазақ қайраткерлері қай партияның атынан тіркелді?А) Үш жүз В) Кадеттер С) эсерлер D) Алаш9. «Алаш» саяси партия ретінде толыққанды қашан ұйымдасты?А) 1917 ж қараша В) 1917 ж шілде С) 1917 ж желтоқсан D) 1917 ж тамыз10. «Алаш» партиясының жетекшілері қандай бағдар ұстанатынан жариялады?А) Шығысқа бағдар ұстанатынан В) Большевиктер партиясы бағдарын ұстанатынынС) Батысқа бағдар ұстанатынын D) Кадеттер партиясы бағдарын ұстанатынынҚазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша үй жұмысын тексеру тестінің кілті1 А 2 А 3 С 4 С 5 D 6 В 7 — 1. Мемлекет қалпы 2. Жергілікті бостандық3. Негізгі құқық 4. Дін ісі 5. Сот билігі 6. Ел қорғау 7. Салық 8. Жұмысшылар9. Ғылым — білім үйрету 10. Жер мәселесі8 D 9 B 10 — CБағалау.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.