Шығыс Қазақстан тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді — новости Казахстана
2 ақпан күні таңғы 3:54 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді деп жазады ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жер сілкінісін «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Оның эпицентрі Алматыдан 616 шақырым жерде, солтүстік-шығыстағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.9. Магнитудасы MPV 5.8.
Жер асты 2-3 балдық жер асты дүмпулерін Өскемен және Зайсан қалаларының тұрғындары сезінді.
«Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ», — деді төтенше жағдайлар комитетінің өкілі.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz