Қазақстан эстафетадан жартылай финалға өтті

0

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада сәтті өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, Әлия Ким, Анастасия Крестова, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев төрттігі ширек финалда жақсы нәтиже тіркеді. 

Біздің команда 2:40.47 көрсеткішімен әзірге үшінші орында тұр. Бірінші орында Канада, екінші орында Ресей спортшылары келеді. 

Ерлер арасындағы эстафетада Мерсаид Жақсыбаев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиевтер өз тобында екінші орын иеленіп, жартылай финалда бақ сынау мүмкіндігін алды. Команданың көрсеткіші — 7:00.182. 

Әйелдер арасындағы эстафета сынында Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихонова және Әсел Тайшымановалар өз тобындағы екінші орынмен жартылай финалға өтті. 

Сондай-ақ, Анастасия Крестова 1500 метрге жарысудан  жартылай финалға жолдама алды. 

Өкінішке қарай, 1500 метрде сынға түскен Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаевтар жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. 

Жартылай финал бәсекелері бүгін өтетінін хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, Дрездендегі әлем кубогі кезеңіне ұлттық құрама үздігі Абзал Әжіғалиев қатысқан жоқ. Ол тобығының жарақатына байланысты турнирге қатысудан бас тартты.

 

Дереккөз: http://egemen.kz/