«Мен армандайтын мектеп»

0









«Мен армандайтын мектеп»

Автор: Найманкулова Гульжан Саркытовна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-02


Материал туралы қысқаша түсінік

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары, Барлық мұғалімдер алып қолдануға болады. Оқушылардың барлығы:тірек сөздер,иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды;
Оқушылардың көпшілігі:тұрақты тіркестер мен көркемдеуіш құралдарды қолданып,мәтін құрайды;
Оқушылардың кейбірі:болжалдық сан есімдерді қолданады;




Пән:Қазақ тілі /1-2 сабақСынып:8 Күні:Қатыспаған оқушылар саны Қатысқан оқшылар саны:
Сабақтың тақырыбы Мен армандайтын мектеп
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.1 — Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;8.2.1.1.-тұрақты тіркестер мен көркемдеуіш құралдарды қолданып,ауызша мәтіндер құрау;8.5.1.1.-болжалдық сан есімдерді жазба,ауызша жұмыстарды орынды қолдану;
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы:тірек сөздер,иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды;Оқушылардың көпшілігі:тұрақты тіркестер мен көркемдеуіш құралдарды қолданып,мәтін құрайды;Оқушылардың кейбірі:болжалдық сан есімдерді қолданады;
Бағалау критерийлері Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» шығармасы жайлы ақпарат береді,мәтін құрайды,көтерілетін мәселені болжайды,өз ойын айтады.
Тілдік мақсаттар Пәнге деген лексика мен терминология:артықшылық,талап,өзекті,білімпаз,мәтін құрайды.Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:арманым,мектебім,жаңашыл
Бастапқы білім 7-сыныпта өткен тақырыптарды қайталату,ой шақыру сұрақтар қою.Кемшіліктерді анықтайды,түзейді.
Жоспары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы Психологиялық ахуал қалыптастыру.«Мадақтар бұрқасыны» тәсілі.Оқушылар 1 минутта бір парақ қағазға ұстазына естігісі келетін мадақтарды жазады, көршісімен алмасып,бір-бірінің жазғандарын оқып береді.Қызығушылықты ояту.Оқушыларға тірек сөздердің қиындыларын береді.Оқушылар әріптерден арман ,бақыт,қуаныш сөз құрайды,құралған тірек сөздерге қатысты өз ойларын айтады,кластер құрайды.

Мәтіналды жұмыс.Сөздікпен жұмыс:Жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады,оқиды,оқушыларға қайталатады,сөздік дәптермен жұмыс жасатады.Дескриптор: -жаңа сөздерді үйренеді;-сөздік жұмысын жүргізеді;Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. «Сюжетті суреттер» тәсілін қолданып,2,3-тапсырмаларды орындатады.Оқушылар сұрақтарға жауап береді,суретке қарап ,сипаттап айтады.Дескриптор: оқушылар сұраққа толық жауап береді;-суреттерді сипаттайды;«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.Тілдік бағдар.Грамматикалық кезең:Болжалды сан есім туралы мағлұмат беру.Жазылым.1,4-тапсырмаларды орындату.Дескриптор:грамматикалық тақырыпты меңгереді;-болжалды сан есімдерді ажырата алады;«Басбармақ»Түсіндім.Түсінбедім.Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі»әдісі.Оқушылар бір-біріне грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қойып,білімін толықтырады.

Тренинг жазылған парақшалар, тірек сөздер,ватман, меркерлер,суреттер
Сабақтың ортасы(22 минут)

Сергіту сәті

Мәтінмен жұмыс.«Дана үкілер» техникасын қолдану.Оқушыларға аудиотаспадан мәтінді тыңдатады.Жаңа сөздерді тапқызу,сөйлем құрату,диалог құру.«Дұрыс-бұрыс» тәсілін қолдану.5,6,7-тапсырмаларДескриптор:-мәтіннен қажет ақпарат алады;-диалогті рөлге бөліп оқиды;-болжалдық сан есімді табады;Қалыптастырушы бағалау.Мұғалім көңіл күй смайликтерімен бағалайды.Мәтінсоңы жұмыс. «Интервью» әдісі.Әр оқушыға желімқағаз беріледі.Оқушылар өзара жұп құрайды,диалогты тыңдайды,кейіпкерлерге мінездеме береді,мәтінге сүйеніп,жаңашыл мектептің ерекшелігін желімқағазға жазып,тақтаға жабыстырады.9-10-тапсырмалар.Дескриптор:-диалог құрай алады;-кейіпкерлерге мінездеме береді;-өз ойын ойлай біледі.Қалыптастырушы бағалау.Оқушылар бір-бірінің жұмысын түрлі түсті желімқағаздар арқылы бағалайды.Кері байланыс. «Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып,жұпта туындаған жағдаятты тізбектейді.Алдымен ,біз « » деп ойладықКейін мынандай мәселе пайда болды:…Мәселені шешу үшін … еттікБұдан біз …. көрдікДемек,бұл « » деген қорытындыға келдік.Шығармашылық тапсырма.Оқушыларға А4 парағы ,маркерлер.Олар өзара ақылдасып,сабақ кестесін құрайды.11-тапсырма.Дескриптор:-шығармашылық қабілетін толық көрсетеді;-өз ойын қорытады;«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.Ойсергек. «Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі бойынша ойсергек ұйымдастырады.Әр оқушы бір-бір сөзден ойлауы керек.Мұғалім бірнеше секундтан кейін ол сөздерді тақтаға жазғызып,тақырыпқа қатысты шағын әңгіме құрастыртады./жалпы саны 15-20 сөздей болу керек/

Желімқағаздар

А4 парағы,маркер лер

Сабақтың соңы Синтез «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.Мұғалім оқушыларға «Менің армандаған мектебім» деген тақырып беру.Оқушылар алдымен өз ойларын параққа түсіреді,кейін жұптасып жасайды.Сыныптың алдында қорғау.Дескриптор:-сызба құрау арқылы ьілімін толықтырады;-өзара қатынас орнайды;-көпшілік алдында сөйлей алады;Қалыптастырушы бағалау.«Бас бармақ» тәсіліОсы жақсыЖақсыОрташаКері байланыс. «Бір сөзбен» әдісі.Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады.Рефлексия.Ойтаразы. «Ойшыл қалпақтар» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаздыру. 13-тапсырма.Үйге тапсырма:8-тапсырма.Тапсырманың шарты,қалай орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Оқулық,А4 парағы,маркер лер
Қосымша ақпарат
РефлексияСабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме?Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп,не үйренді?Сыныптың ахуалы қандай болды?Себебі неде?Уақыт тиімді пайдаланды ма?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?Неліктен?
Қорытынды бағалау:







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.