Тамақты шаюға арналған кеңес
Kөп жағдайда инфекция адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Бастапқыда ауыз қуысы мен тамақтың ішінде болатын инфекцияны шайып шығаруға болады. Тек ауыз бен тамағыңызды немен шаятындығын таңдау керек.
Фурацилин
Танымал фурацилин дәрісінің 1-2 данасын бір стақан жылы суға ерітіңіз. Фурацилин ауыз бен тамақтағы бактериялардың көбеюін тоқтата алады. Оның микробтарға және қабынуға қарсы қасиеті аурудың асқынуына жол бермейді екен. Тұмау кезінде, суық тигенде тамақты күніне 3 рет шайыңыз.
Теңіз тұзы ерітіндісі
Теңіз тұзы тамақ пен ауыз микрофлорасына пайдалы болатын түрлі минералдарға бай. Тұз бактерияларды өлтіріп, қабынуды басады. 1 шай қасық ас тұзын 1 стақан қайнаған жылы суда ерітіңіз. Осылай күніне 3-4 рет қайталаңыз.
Ас сода ерітіндісі
Тамағыңыз ауыра бастағанда, ас содасының ерітіндісімен тамақ шайған дұрыс. Ас сода ерітіндісі микробтардың 70 пайызын өлтіріп, тұмауды басынан-ақ жаза алады. Бастысы соданың судағы концентрациясы екен. 1 ас қасық ас содасын 1 стақан суда ерітіп, күніне 2-4 рет шайыңыз.
Қырмызы тұнбасы
Қырмызы (календула) тұнбасы тамақтың ауырғанын керемет кетіре алады. 4 ас қасық қырмызының кептірілген күлтелерін қайнап тұрған суға салыңыз. 15 минут өткеннен кейін, қажет болған жағдайда тұнбаны сұйылтып, ерітіндімен тамағыңызды күні бойы 3-4 рет шайыңыз.
Жалбыз тұнбасы
Емдік өсімдіктердің арасында жалбыз антисептикалық және бактерияға қарсы қасиетке ие. 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стақан ыстық суға салыңыз. 15 минуттан кейін, шөпті алып, тағы да 1 стақан су қосыңыз. Осы ерітіндімен тамағыңызды күніне 2-4 рет шайыңыз.