СОЗЫЛҒАН ЖЫРТЫЛҒАН ТЕРІНІ ЕМДЕУ ТӘСІЛІ

0
Дүниеге ұрпақ әкелу – әйел өміріндегі ең сәулелі құбылыс. Алайда, көп келіншектердің екіқабат кезінде ішінің, төсінің терісі созылып, тіпті кейбірінде жыртылады. Терінің созылуына қарсы көптеген әдістер мен кремдер ойлап табылды. Сіз де үй жағдайында теріңіздің созылғанына қарсы қоспаларды жасай аласыз.

Теріңіздің созылғанын (жыртылғанын) азайтады;
Сол жердің түсін білдіртпейді;
Жыртылған, созылған терідегі шұңқырларды азайтады;
Тері қабатының шымырлығын арттырады;
Емізулі кезде қолдана беруге болады;
Теріні қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді.
Керек заттар: бір түтік балалар кремі (немесе басқа кез келген крем), мумие.

Мумиенің таблетка түріндегісін емес, табиғи түріндегісін қолданыңыз. Дәріханалардан табасыз.

2-4 грамм мумиені 1 шәй қасық қайнаған суда ерітеміз. Қоспасыз мумие тез ериді.
Крем мен еріген мумиені араластырамыз.
Дайын болған қоспаны таусылған креміңіздің ыдысына, соған құйып қойыңыз қойыңыз.
Дайын болған қоспаны күніне бір рет теріңіздің созылған жеріне жағып, сіңіп кеткенше ысқылаңыз. Ұйықтар алдында жағуға болмайды. Егер әсері тезірек байқалсын десеңіз, күніне бірнеше рет қайталап жағыңыз.