Үш жылда алғаш рет кездескен Джоли мен Брэд Питт шекісіп қалған (фото) — новости Казахстана
Анджелина Джоли мен Брэд Питтің үш жылда бірінші рет өткен кездесуі жанжалмен аяқталды. Ақпарат өкілдері актерлерді Лос-Анджелестегі кеңселердің бірінен көріп, бірден оларды суретке түсіре бастаған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кездесуге үшінші тараптың қатысқанын есепке ала, бұрынғы ерлі-зайыптылар балаларының қамқорлығы жөнінде сөйлескенін болжауға болады. Бұл мәселеге қатысты пікірталас екі жарым жылға созылып, ақыр түбі өз соңына жетті.
Папарацидің суреттеріне қарап, Анджелинаның әлдебір нәрсеге ашулы болып отырғанын аңғаруға болады. Оған әңгіме барысы немесе бұрынғы жұбайының Шарлиз Теронмен кездесіп жүргені жөніндегі қауесет ұнамай қалса керек.
Джолидің қорғаушысы келісімге біраз уақыт бұрын қол қойылғанын мәлімдеді. Оған сәйкес, Брэд Питт бала қамқорлығының 50 пайызына ие болады. Алайда, актерға арнайы сынақ мерзімі берілмек. Ол аяқталарға дейін Питтің әрбір қимылын бейнекамералар түсіретін болады.
Дереккөз: kaz.nur.kz