Тәрбие сағаты.Біз бақытты балдырған
Тәрбие сағаты.Біз бақытты балдырған
Автор: Канлыбаева Загипа Ибадуллаевна
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-01
Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Бақытты боп жүргенім ,Сенің арқаң, Ұлы Отан.Сарқылмайтын қуатым,Тірегімсің сен Отан-деп бұл топ біздің бақытымыз өз Отанымыз дейді. Абдрахман: Жайнатамын бар гүлді ,Сайратамын бұлбұлдыБилетемін бар жанды,Мейрам етіп бұл күнді-деп ортаға Шығыс биімен Нұрайды шақырамыз2 —топтың оқушылары бұл сұраққа қалай жауап береді екен?1 – оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекен,Биік тау, орман тоғай көлімізді.2 – оқушы:Отаным менің кең байтақ Қазақстан,Аман өткен талай дүлей азаптан.Бар әлемді өз аузына қаратқан,Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!3— оқушы:О, Отаным құлыныңмын қойныңда,Өзіңмен өмірім өзің де балаң ойым да.Болашағың күлімдеген ертеңгіОтан – Ана мына менің мойнымда.Хор: Атамекен
3- топтың балалары не дейді екен1-оқушы. Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. « Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.
Ән . Ананың тілі. Орындайтын Сейділла Жаннұр Иә,балалар, теледидар көріп жаңалық тыңдамайтындарың жоқ деп ойлаймын. Жаңалықтың өзін екі тілде береді. Қазақ тілі өз ана тілің болса, орыс тілі ұлттардың қатынас тілі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой.Міне осыны ескере отырып , бұл топ бар бақыт өз ана тілімізді сүюден басталатынын айтып отыр.
4-топтың оқушыларын байқайықшы1-оқушы Біз бақытты балдырғанбыз. Өйткені бізді осындай дәрежеге жеткізіп, мәпелеп, аялап өсірген аяулы ата – аналарымыз, ата – әжелеріміз бар. Сондықтан, біздің ата – анаға, ата – әжеге деген алғысымыз мәңгі, шексіз.2-оқушы: Бастадым сөзімді ана деп мен,Себебі анам ғой мені адам еткен.Өмірдің бар асылын бойына жиып,Дүниенің ардақтысы анам екен.3-оқушы:Аман бол, өр тұлғалы әкелерім,Қыран құстай болашағын мәпелеген.Бүгін міне өз өнерін көрсетедіАзамат боп кешегі сәби еркелерің. Бұл топ өте жақсы жауап тапты деп ойлаймын. Өйткені,бала біздің болашағымыз. .Сондықтан ата— ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады.Дильнура:Ана –өмірдің қуанышы,жүрегі.Бала-оның жұбанышы,жүрегі.Ана алдында ел жауы да бас игенОлар дәйім тыныштықты тіледі,-деп кезекті ата-аналарға берейік. «Балаңызға деген сүйіспеншілік » ойынын ойнайық Баланың жан дүниесі – бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. Ал, «Қазақстан-2050» халыққа арналған жолдауындаҚымбатты ханымдар! « Сіздер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет»-делінген..-Сіз осыған қалай жауап берер едіңіз?-Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?Ән :Анашым Орындайтын :Темірхан ЗульфияДильнура: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Абдрахман: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұстаздарымыз ортамызда отыр.1-оқушы: Ал біз келешекте өміріміздің шамшырағы болатын өнер – білімді үйретіп жатқан алтын ұя мектебімізбен аяулы ұстаздарымыздың арқасында өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз.2-оқушы:Аялаған баптаған,Асыраған, сақтаған,Сақтандырып күнде еппенАйтып бәрін үйреткенМектебіме мың алғыс!Ұстаздарыма мың алғыс!Ән.Ұстазым Орындайтын: Темірхан Зульфия,Алтынбек Саят Сонымен «бақыт» дегеніміз -өзіміздің туған еліміз,ана тіліміз,ата-анамыз,ұстаздарымыз./.Осы сөздер арқылы бір шоқ гүлді топтастырдық/.ДильнураТыныштық баршамыздың ұранымызМәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.Арманның асқарына қанат қаққанБақытты бейбіт елдің ұланымыз.Абдрахман: Асыр салып ойнаймыз да, Ән шырқаймыз, билейміз, Үлкендерді сыйлаймыз да, Тентектерді сүймейміз. Біз- бақытты, Біз – бақытты, Біз бақытты балдырған.Дильнура: Тату-тәтті достармыз біз, Ынталы да талапты. Көп білуге құштармыз біз, Жақсы оқимыз сабақты.Біз-бақытты,Біз-бақыттыБіз-бақытты балдырған.Хор: Көңілді күнДильнура: Шәкірттер санасына сәуле шашып, жылы лебіз, ақ тілегін білдіру үшін ортаға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назарымбетова Айгүл апайды шақырамыз. Балалардың бақыты дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын , тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен. Отбасынан басталған бақытты балалық шақтары Отанның ортан қолдай азаматы болуға жеткізсін деп тілейміз.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.