Ашық сабақ Менің атым Қожа
Ашық сабақ Менің атым Қожа
Автор: Канлыбаева Загипа Ибадуллаевна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-01
Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып Қожа бейнесін ашу;Сабақтың міндеттері:1. Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.
Оқушыларға мәтіннің мазмұнынан баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру
2. Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі — өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым — қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.Сабақтың типі: жаңа білімді игертуСабақтың формасы: топтықӘдісі:, ой қозғау, талдау, іздену, шығармашылық жұмысСабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа (фильмінен үзінді), слайд,; таратпа материалдар;Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.Түстерге байланысты топқа бөлу. Топ басшысы мен бағалаушыны сайлау.1 — топ Қызыл түс, 2 — топ Көк түс, 3 — топ Сары түс.II. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту сатысы.- Адамның өмір сүру кезеңі балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?Оқушылар ойы тыңдалады. Слайд.III. Кіріспе.- Біз бүгінгі сабағымызда Балалық шаққа саяхат деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын — жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларының бірі Менің атым Қожа атты шығармасымен танысасыңдар.Слайд.Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген- Бүгінгі сабақта жазушының Менің атым Қожа шығармасымен танысасыңдар. Бұл тарауды шығарма авторы Жан сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталадыдеп атаған екен.
2. Жазушының қандай шығармалары бар?- Менің атым Қожа (Өзім туралы повесть), Жекпе — жек, Қайдасың, Гаухар?, Өлгендер қайтып келмейді, Аяжан, Балалық шаққа саяхат, 16 жасар чемпион, Алыстағы ауылда т.б.Зерттеу — ізденушілік.Оқушылардың шығармашылық жұмысы.(Оқушыларға Менің атым Қожа туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған, оқушылар ақпараты тыңдалады)
3. Менің атым Қожа фильмі туралы не білесіңдер?“… Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап — түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез — құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
Менің атым ҚожаЖанр: комедия, жанұялықМемлекет: ҚазақстанШыққан жылы: 1963Режиссер: Абдолла ҚарсақбаевӘңгіме авторы: Бердібек СокпақбаевСценарий: Б. Сокпақбаев, Н. ЗелеранскийСазгер: Нұрғиса ТілендиевКейіпкерлерді сомдаған:Қожа — Н. СегізбаевСұлтан — М. КөкеновЖанар — Г. ҚұрабаеваЖантас — Е ҚұрмашевМиллат — (Қожаның шешесі) — Б. РимоваРахманов — Қ. ҚожабековМайқанова – Р. МұхамедияроваҚожаның әжесі — З. Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы «сотқар» Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын «шелектеп» төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.ІV. Ой толғанысКөлемді шығарма болғандықтан, үйден оқып келуге берілген.Әр топқа тапсырма беріледі. СТО стратегиясы.Бұл бөлім мына жерден басталады.(Қожаны әжесінің оятуы. Фильмнен үзінді)(1жоспар бойынша әңгімелеу) Джигсо.1 — топ тапсырмасы. Оқиғалар тізбегі.2 — топ тапсырмасы: 2 жоспар бойынша әңгімелеу.3 — топ тапсырмасы: 3 жоспар бойынша әңгімелеу.V. Топтық жұмыс:Мақсаты: тақырыпты талдай отырып, оқушыларға жаңа сабақты меңгерту.1 — топ: Қожа туралы мәлімет.2 — топ: Тақырыпты сатылай кешенді талдау.3 — топ: Тақырып бойынша сахналау.VI. Оқулықпен жұмыс.1 — топ: Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?2 — топ: Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?3 — топ: Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?Әр топтың оқушылары тапсырмаларын қорғайды.VII. Сергіту сәті.VIII.Бес жол өлең стратегиясы.Кім?(зат есім) 1сөзҚандай? (сын есім) 2сөзҚайтті? (етістік) 3сөзСөйлем (кім туралы?) 4сөзҚорытынды сөз 5сөзIX. Дәптермен жұмыс.
X. Жеке оқушылармен жұмыс.Сөйлемнің жүйесін тап.1. Б. Соқпақбаевтың, балаларға, айтулы, арналған, бірі, шығармаларының, Менің атым Қожа.2. Шығарма, бұл, балалар, қазақ, үлкен, әдебиетінде, бір, болған, белес.3. Барлық, оқиға, Қожаның, атымен, өз, повестегі, сөйленеді.XI. Кері байланыс:1. Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?2. Егер сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?3. Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?XIV. Сәйкестігін тап.1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін Анфиса Михайловнақу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?2. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? Қожа.3. Қожаның әдепті жолға түсуіне себепкер болған. Жантас.4.Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді Сұлтан.білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім.Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті.Ох, шіркін, ай!XV. Кейіпкерге хат.1 — топ: Қожа2 — топ: Жантас3 — топ: СұлтанXVI. Қорытынды:
Кіші дөңгелек үстел
1-топ:Тентек Қожа
2-топ:Ақылды Қожа
3-топ:Тапқыр Қожа
Топ басшылары өз Қожаларын қалай қорғайды екен?
Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа туралы Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға жаман бала, қиын бала болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес ғой… деген екен.Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!
Үйге тапсырма
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.