Алдағы үш тәулікте елімізде сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендейді
Сонымен қатар өңірлерде қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал.
2-4 ақпан күндері аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, температураның жоғарылауын, сондай-ақ республиканың басым облыстарында қар жауу және бұрқасын тудырған оңтүстік циклоны Алтайға қарай жылжыды.
Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады.
Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/