Маңғыстауда спорт басқармасының басшысы жемқорлық күдігіне ілінді — новости Казахстана
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаев қамауға алынды. Ол жемқорлық ісі бойынша айыпталып отыр деп хабарлайды «Лада» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Шенеунік қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. Тергеу жұмыстары басталған.
МҚІДҚА өтініш хатының негізінде Ақтау қалалық арнайы тергеу соты Қарабалаевты 10 күнге қамауға алу шешімін шығарды.
Сот тұтқындалушының мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқармаға қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz