Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді — новости Казахстана

0

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлері Максимилиан мен Олег Германовтарды сотқа беріп, олардан 3,5 миллион өтемақы талап етуде. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

prosports.kz

Фото: prosports.kz

Басылымның ақпаратынша, Максимилиан мен Олег Германдар әдейі табыс жөнінде есеп бермей, құжаттарда көрсетілген сомалардан артық мөлшерде комиссиялық сыйақы алып отырған.

Сонымен қатар Головкиннің соңғы жекпе-жегін ұйымдастыруға атсалыспаған менеджерлер, сол кездесу үшін сыйақы талап еткен.

Спортшының сөзінше, Германдар «Головкинмен заң жүзінде немесе лицензия арқылы тіркелмеген қарым-қатынасын бірнеше миллион доллар алу үшін қолданған, ал енді тағы бірнеше миллион алмақшы».

GGG Германдармен іскерлік қарым-қатынасын 2017 жылы тоқтатқанын мәлімдеген. Алайда келісімшарттың тоқтатылғанына қарамастан, олар Головкиннің «Канеломен» болған соңғы кездесуінен табыс табуға тырысқан.

Басылымның мәліметінше, Геннадий 3,5 миллион доллардың қайтарылуын талап етіп, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол сотта менеджерлерімен ынтымақтастығы ресми түрде тоқтатылғанын күтіп отыр.

Дереккөз: kaz.nur.kz